Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Родной язык, литература - Разработки уроков


Главная » Предметы » Родной язык, литература » Разработки уроков


Разработка урока «Сатқын жапалақ», Родной язык, 4 класс

Разработка урока «Сатқын жапалақ», Родной язык, 4 класс.

Автор: Дузенова Гульзада Ораловна, учитель начальных классов, Карагандинская область, Шетский район, школа-гимназия имени Ж. Акылбаева.

4 сынып
Пәні: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Сатқын Жапалақ
Сабақтың мақсаты: Ертегіні талдай отырып, идеялық мазмұнын ашу.
Міндеттері
- ертегідегі негізгі идеяны өз беттерінше ұғынуға жол ашу
- ой-өрістерін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту арқылы көркем сөйлеу тілдерін дамыту.
- адами қасиеттерді бойына жинау, адалдыққа тәрбиелеу.
- Стратегиялар: «Ой қозғау», «Кластер», «Кейіпкерге хат», «Автор орындығы», «Болжау», «АВС сұхбаты»
- Көрнекілігі: геометриялық пішіндер, плакат, маркер, бағалау парағы,
- Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру
- Сабақтың түрі: топтық жұмыс
- Барысы:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Ақ көңілді жүрекпен,
- Ақ ниетті тілекпен.
- Амандасып алайық,
- Қонақтарға ізетпен.
- 2. Психологиялық дайындық.
- - Көңіл- күйлеріңіз қалай?
- - Керемет! (қолдарын көтереді)
- - Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- - Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- - Ынталарыңыз ше?
- - Ғажап! (қолдарын көтереді)
- 3. Топқа бөлу. (Геометриялық пішіндерді таңдау арқылы топтарға бөліну)
- 1 топ-Шыншыл, 2 топ- Қиял-ғажайып, 3 топ- Тұрмыс-салт
- 4. Ережені еске түсіру.
- 5. Бағалау парағы
6 Үй тапсырмасын тексеру
Бес ешкі мазмұндау

1-топ Байдың малдарды айдалаға айдап жіберуі және жем іздеген аш қасқырдың малдарға кездесуі.
2-топ Құла аттың айласы.
3-топ Кедейдің малдардан жауап алуы.
Ой қозғау.
Бұл ертегінің қай түріне жатады?
- Ертегінің басқа қандай түрлері бар?
- Жануарлар туралы қандай ертегі білеміз?
- Екі дос
- Мазмұнын еске түсірейікші.
Болжау стратегиясы
- Не туралы? Сатқын.
- Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
- Бүгінгі сабағымызға мақсат қояйықшы? Оқушылар мақсат қояды, толықтыру.
7 Жаңа сабақ Ой ашар
Сатқындық сөзін естігенде қандай ой келеді? Жеке- жұпта-топта
Топтастыру ( оқушыларға ментальді карта таратылады, маркер)
Әр топ өздерінің ойларын ортаға салады.
8. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар ертегіні іштей оқиды.
Ертегіні талдау жұмысы.
9. АВС сұхбаты. ( оқушылар бір-біріне сұрақ қойып жауап береді)
- Сүлейман патша қандай бұйрық берді?
- Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады?
- Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі?
- Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды?
- Ертегіде қандай құстардың аты аталады?
- Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады?
- Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Неліктен?
10.Сергіту сәті. Экрандағы би қимылдарын жасау.
Топтарға жұмыс.
Сүлейман патшаның сарайы неден салынсын? ( оқушылар топта бірлесе отырып орындайды.)
11. Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме беру.
1.Шыншыл тобы Көкжендетке.
2. Қиял-ғажайып тобы Жапалаққа.
3.Тұрмыс-салт тобы Үкіге.
12. Кейіпкерге хат жазу. Бір кейіпкерді таңдап хат жазыңдар.
13. Жазған хаттарын Автор орындығында оқыту.
14. Қорытынды
- Бұл ертегіден қандай ой түйдіңдер?
-Сатпау керек, арам болмау, өз басын ғана ойламау керек.
15. Үйге тапсырма Сатқын туралы эссе жазу.
16. Бағалау





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: жан | Теги: сатқын жапалақ, 4 класс, разработка урока, Родной язык
Просмотров: 371 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0