Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Родной язык, литература - Разработки уроков


Главная » Предметы » Родной язык, литература » Разработки уроков


«Қазақстан аймақтары», казахский язык, 9 класс

«Қазақстан аймақтары», казахский язык, 9 класс.

Автор: Жантлесова Мадина Хамзаевна.

Пәні: қазақ тілі
Сынып: 9
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экономикалық аймақтарына байланысты білімдерін толықтыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру, салалас құрмалас сөйлемді еске түсіру;
2. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, әдемі сөйлеуге үйрету.
3.оқушылардың дүниетанымын кеңейту ,логикалық ойлау қабілетін дамыту;
4.Оқушыларды туған жер табиғатын аялап, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру
Сабақтың түрі: аралас сабаққ
Көрнекіліктер: ән, презентация, үлестірмелі карточкалар, семантикалық карта, стикерлер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, ойландыру, сипаттау, топтық жұмыс, іздендіру, талдау, жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды психологиялық жағдаят:
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Қайырлы күніміз
Оқушылар: - Сәттілікке толсын!
Сабақтың тақырыбын оқушыларға анықтату үшін «Сарыарқа» әнін тыңдаймыз. Сабақ мақсаттарымен танысу.
Үй жұмысын тексеру:
«Суретті тізбек» кестені әр жұп толықтырады, сөзбен немесе сөйлеммен, одан кейін мәтінді мазмұндап береді.

- Мұнайдың қоспасынан не жасалады?
- Мұнайдың қоспасынан синтетикалық резіңкелер, каучук, синтетикалық маталар мен пластмасс, кір жуу ұнтақтары, бояу, сыр, косметика құралдары, тыңайтқыш, маргарин май, типографиялық бояулар, автокөлік шиналары сияқты күнделікті тұрмысқа аса қажет өнімдер жасалады.

«Көпір тапсырмалары»
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Салаластың құрамындағы сөйлемдер қалай байланысады?
5. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ата.

Кіріспе
«Қабырғадағы сурет»
Оқушылар білетінін шеңберге жазады, ал білгісі келетінің сыртына жазады.

Білетіні: Білгісі келетіні:
Орталық Қазақстан, Сарыарқа атауы,
ерекше тас мүсіндері, аймақтың атақты Бурабай, Көкшетау, адамдары

Жаңа сабақ:
Сөздік жұмысы

ежелден издревле
табиғи - тарихи природно - исторический
жалпақ үстірт плоское плато
адырлы қырқа мелкосопочник
аққұтан аист
су әсерімен под воздействием воды
ғажайып чудесный
бүкіләлемдік всемирный

Оқылым
Мәтінді мәнерлеп оқу, үзілген жерден оқуды жалғастыру.
Сарыарқа аймағы.
Сарыарқа - ежелден даңқы шыққан өлке, сондықтан ол Қазақстанның табиғи - тарихи аймақтың бірі болып саналады. Сарыарқа атауы « жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» деген ұғымды білдіреді. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстары және Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жерлері жатады. Сарыарқа жерінде, Есіл өзенінің бойындағы Астана қаласы Қазақстан Республикасының елордасы деп жарияланды.
Сарыарқа аймағы – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың бастауы. Өңірдің асыл тумалары - Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай. Жазушы Сәкен Сейфуллин және ақын Қасым Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди , қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған.
Сарыарқада мыңдаған жыл бойы жел, су әсерімен үгілген таулар мен неше түрлі
тас мүсіндері бар. Олар - « Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Мыстан кемпір» . Екі жүз көлден тұратын аймақ аққулардың, қаздардың, үйректердің, тырналардың және аққұтандардың Отаны ретінде саналады. Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары ұлы қазақ жерінің ғажайып даласы мен көлдері ретінде жалпыға танылып, ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне кірген.
«Оқылым кезіндегі саяхат»
Оқушылар естіген мәліметтерді жазып отырады.

Жазылым
«Сыңарыңды тап»
Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.

1.Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстары және Торғай, Семей, Павлодар ........... таулар мен неше түрлі
тас мүсіндері бар.
2.Сарыарқа аймағы – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар ........... және аққұтандардың Отаны ретінде саналады.
3.Сарыарқада мыңдаған жыл бойы жел, су әсерімен үгілген ........... облысының біраз жерлері жатады.
4.Екі жүз көлден тұратын аймақ аққулардың, қаздардың, үйректердің, тырналардың ............ өнердің, мәдениеттің және тарихтың бастауы.
Тыныштық кезеңі
«Сарыарқа» күйі орындалған кезде, оқушылар тапсырма орындайды.
Семантикалық карта І нұсқа
№ сөйлем ыңғайлас қарсылықты түсіндірмелі себеп-салдар талғаулы кезектес
1 Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. +
2 Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер. +
3 Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. +
4 Сабақта ұстаз бірде ауызша сұрайды, бірде жазбаша орындатады. +
5 Көмір де осы, отын да осы. +
6 Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. +

Семантикалық карта ІІ нұсқа
№ сөйлем ыңғайлас қарсылықты түсіндірмелі себеп-салдар талғаулы кезектес
1 Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп. +
2 Бұл жерге не сен тұрарсың, не мен тұрармын. +
3 Адамның көптігі соншалық, отыратын орын табылмады. +
4 Балалар кейде футбол ойнады, кейде өзенге барып шомылды. +
5 Былтыр жайлауға бардым және ауылда жақсы демалдым. +
6 Арман жарысқа қатысқан жоқ, себебі ол Астанада болды. +

«Кім жылдам?» ойыны
Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта.
1. .Жаңбыр тоқтады ... , күн жылынды. (ыңғайлас)
2.Бүгін жақсы жауап бердім, ... мұғалім риза болды . (себеп-салдар)
3.Жиналыс бітті , ... халық тараған жоқ. (қарсылықты)
4.Бүгін жол тайғақ , ... кеше қар аралас жаңбыр жауған. (себеп-салдар)
5. Қалаға ... Айгүл барады , ... мен барамын. (талғаулы)
6. Күзде ... қар жауады , ... жаңбыр жауады. (кезектес)
(да, сондықтан, бірақ, себебі, не, біресе, не)

Бекіту
Ыстық орындық
Кейіпкер – Сарыарқа аймағының тұрғыны
Кейіпкер рөліне оқушыны таңдаңыз. Жұбы кезекпен 3 сұрақ қояды, ал кейіпкер жауап беруі керек.
Баламалы тест (ия-жоқ)
1.Салалас құрмалас сөйлемнің жеті түрі бар. -
2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады. +
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем – іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді. +
4. Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай екі түрі бар. –
5. Не, немесе, я, яки - ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары. –
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығы жоқ. +

Бағалау: «Рефлексия пирамидасы» арқылы тақырыпты түсіну дәрежесін бағалау

Пирамиданы толтыру арқылы тақырыпты түсінген деңгейін көрсетеді.
Үйге тапсырма: Мәтін бойынша диалог құрастыру
Рефлексия (кері байланыс)



Мен өте жақсы жұмыс жасадым. Өзіме сеніп бойымдағы күшімді
қолдана білдім

Менің жұмыс жасағым келді, бірақ бүгін менің күнім емес
Мен жақсы жұмыс жасадым,бірақ
бойымда қорқыныш болып
өзіме сенбедім


Қорытынды:
- Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: mzhantlesova | Теги: 9 класс, казахский язык, Қазақстан аймақтары
Просмотров: 29 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0