Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Родной язык, литература - Разработки уроков


Главная » Предметы » Родной язык, литература » Разработки уроков


«Абайдың табиғат лирикасы», казахский язык, 11 класс

Казақ тілі сабағы «Абайдың табиғат лирикасы», 11 сынып.

Автор: Шолкубаева Райжан Муслипакызы.

Абайдың шығармашылығын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды Абайдың табиғат лирикалық шығармашылығымен таныстыру, теориялық ұғымдарды түсіндіру.Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, Абай ұлылығын терең сездіру.
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, кластер әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: Абайдың портреті, плакаттар, өлеңдері, буклет, ән жазылған диск, интерактивті тақта.
Сабақтың пәнаралық байланысы: ән, сурет, әдебиет.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қызығушылықтарын ояту.
(тақтада слайд Назарбаев)
-Бүгінгі сабағымызды Елбасының сөздерімен бастағым келеді: « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.» Н. Ә. Назарбаев.
( слайд Абай)
-« Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбайұлы жайында әңгіме қозғаймыз, оның өмірбаянын, шығармашылығын еске түсіреміз. Сонымен бірге сабақтас құрмалас сөйлемді қайталаймыз.
Ой қозғау: Абай Құнанбайұлы кім? Ол туралы не білеміз?
(интерактивті тақтаға жазу)
Абай: жазушы, ағартушы, ақын, аудармашы, ғалым, сазгер, дана, ұлы, ойшыл.
-Ал енді балалар, қазір Абай Құнанбайұлы туралы мағлұмат дайындаған оқушыға сөз берейік.
(презентация Абай)
-Абайдың өлеңдері мен шығармаларын еске түсірейік. Қандай өлеңдерін білеміз? (жазғытұры, жаз, күз, қыс, ғылым таппай мақтанба, жасымда ғылым бар деп ескермедім, әсемпаз болма әр неге, өлең – сөздің патшасы, көзімнің қарасы, желсіз түнде жарық ай)
-Сонымен, осы өлеңдердің қайсысын жатқа айтып бересіңдер?
-Осы өлеңдер қандай тақырыпқа арналған? (білімге, өнерге, жастарды оқуға шақыруға)
-Дұрыс балалар, ол кісі өнер, білімге арнап өлеңдер шығарды. Сонымен қатар табиғат лирикасына да көп көңіл бөлген.
-Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері- күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған жырлар. Әр өлеңдерде Абай әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөлеген қазақ тірлік-кәсібіне, шаруа жайына көшеді.
-Оның жыл мезгілдеріне арналған қандай шығармаларын білеміз? (жазғытұры, жаз, күз, қыс)
-Олай болса, Абайдың «Қыс» өлеңін тақтадан тыңдайық.
-Бұл өлеңде қандай ой қозғаған, қысты неге теңеген? ( аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын нәрсе, қысты адам бейнесінде суреттеген)
Топпен жұмыс.
-Енді біз, топпен жұмыс істеу арқылы Абайдың табиғат лирикасына арнап жазылған шығармаларын еске түсіреміз.

1 топ. «Жазушылар» тобы.
«Жазғытұры» өлеңінде не туралы жазылғаныншағын эссе түрінде баяндау, жатқа айту.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан- жануар, адамзат анталаса,
Ата- анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сайда ду- ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Кемпір- шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап- қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен кулар.
2 топ. « Ақындар» тобы.
Өлеңнің тірек сөздерін беремін, осы сөздер қай өлең жолдарынан алынған? Бір- екі шумаған жатқа айту. (сұр бұлт, дымқыл тұман, бәйшешек жоқ, ағаштар қурады)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймінтойғаныма, тоңғаныма,
Жылқыойнап, биеқашқан, тай жарысқан.
Жасылшөп, бәйшешекжоқ бұрынғыдай
Жастаркүлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдейтүсікетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
3 топ. « Суретшілер» тобы.
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін сурет түрінде бейнелеу. Жатқа айту.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа,
Келмеппеедіңжолтосып,
Жолығуға аулаққа.
-Біз балалар, үш топ болып Абайдың табиғат лирикасына жазылған шығармаларына тоқталдық. Ал енді, грамматиканы да еске түсірейік. (Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп, талдайды, тақтаға шығып көрсетеді)
Арал теңізі жылдан жылға тартылып барады.
Арал теңізі жоғалса, бүкіл аймақтың ауа райы нашарлайды.
Адамдар ағаштарды мұқият сақтаса да, оны ретсіз сындырушылар да кездеседі.
(слайд Пушкин, Лермонтов)
-Балалар, Абайдың шығармашылығын жалғастыратын болсақ, онда, оның аудармалары туралы айтып кеткім келеді. Бұл өлеңді немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфган Гете жазған. («Вандерерс нахт лит», «Песня путешевственника») кейін Лермонтов орыс тіліне аударған «Горные вершины». Ал өткен ғасырдың 90-шы жылдары Абай бұл өлеңді қазақ тілінде сөйлетеді «Қараңғы түнде тау қалғып».
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланыжым-жырт, дел- сал қып,
Түнбасадысалбырап.
Шаңшығармасжол-дағы,
Сілкінеалмасжапырақ.
Тыншығарсың сен- дағы,
Сыбырқылсаңазырақ.

Горные вершины
Спят во тьме ночной.
Тихие долины
Полный свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы...
Подожди немного
Отдохнешь и ты.
(Слайд Пушкин «Евгений Онегин»)
-Абайдың шығармашылығының ішінде махаббат лирикасы да ерекше орын алады. Мұның ерекшелігін Пушкиннің « Евгений Онегин» аудармасынан байқауға болады. Бұл тек аударма ғана емес, мұнда Абайдың ішкі жан-дүниесінің сезімдері жеткізілген.
-Ал енді, шағын көрініс тамашалайық.
Татьянаның Онегинге хаты:
Амал жоқ қайттм білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтармын?
Қоймады дертің күйдірмей
Не салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксізаттапұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалархалімбұлхаттан.
Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға
Ұзақ түн жұмбай көзімді.
Онегиннің Татьянаға жауабы:
Таңғажайып бұл қалай хат,
Мағынасы- алыс, өзі жас?
Сөзі орамды, әрі түрі жат,
Және әдепті, және рас.
Жас жүректің толқынын дөп
Жазаалыпсыңтолтырып.
Бойдыжеңіпбұласыллеп,
Тұрды титық көп құрып.
Ішімөлген, құр денем сау,
Босқа үрейім жүр менің
Жарамайдыбекералдау,
Теңіңемес мен сенің.
-Енді сабағымызды қорытындылай келе, тест тапсырмаларын орындаймыз. Тест арқалы Абай және с,қ,с. Туралы алған білімдерін тиянақтаймыз.
Бағалау.
Ой жинақтау. Біз сабақта не білдік, не үйрендік?( қағазға жазу)
Үй тапсырмасы: 115 бет, 7 сабақ, 2 тапсырма.
-Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.
Сабағымызды «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтаймыз.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: sholkubaeva | Теги: 11 класс, Абайдың табиғат лирикасы, казахский язык
Просмотров: 25 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0