Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Математика - Разработки уроков


Главная » Предметы » Математика » Разработки уроков


Разработка урока «Математика әлеміне саяхат», Математика, 4 класс

Разработка урока «Математика әлеміне саяхат», Математика, 4 класс.

Автор: Бургакова Кульжан Амирхановна, учитель начальных классов, Карагандинская область, Шетский район, школа-гимназия имени Ж. Акылбаева .

Бургакова Кульжан Амирхановна
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия
Қарағанды облысы
Шет ауданы

Жанды математика 4 – сынып
/таңдау курсы бойынша жасалған бағдарлама бойынша өткізілген сабақ жоспары/

Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат.
Мақсаты: 1. Деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып, өзбетінше жұмыс істей
білуге дағдыландыру;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: логикалық жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптері,
хрестоматия, ауыл және сәйгүлікке мінген шабандоз бейнелері.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақ типі: білімді бекіту .
Әдісі: рейтинг, проблемалық, талдау, қорыту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, тіл дамыту, өлкетану.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру:
а) Бүгін, балалар, ерекше сабақ өткелі отырмыз. Сендер білесіңдер, биылғы жылы ауданымыздың 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Аюлының етегін мекендеген Шет ауданының тарихына үңілсек, бұл өлкеде Әлтеке-Сарым, Кәрсөн-Керней, Қояныштағай, Алшын, Табын, Қаракесек, Деріпсалы тағы басқа белгілі рулардың өсіп-өнген ұрпақтары мекен етуде. Осы аймақта өз кезінде елдің бірлігі мен тірлігі үшін айрықша ат салысқан, есімдері ел есінде сақталып, тарих тақтасынан өз орнын алған айтулы азаматтардың болғанын байқаймыз. Олар өткен дәуірден бері, Арқа тіршілігімен өзегін жалғап, жермен етене жасап, малмен күн көрісін көріп өмір сүрген Арқа азаматтары өмір сүрлеуіне ақындық пен шешендіктің өзгеше өрімін жасап, сүбелі үлес қосқан, сөйтіп дәстүр жалғастығын сабақтай отырып, даналық мектебін қалыптастырған. Шет өңірінен шыққан ұлы тұлғалар жайлы аудандық мұражайда деректер жинақталған. Шет өңірі – тарихи тұрғыдан зерттелу жағынан алғанда Орталық Қазақстандағы алдыңғы қатарда тұрған аудандардың бірі. 2003 жылы КарМУ-дың этнограф ғалымдарының этнографиялық зерттеу жұмысының нәтижесі – «Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері» картасы жасалып фотошежіре құрастырылды.
Енді осы мерейтойға байланысты аулымызда көптеген іс-шаралар өтпек. Осы тойда өтетін ұлттық ойындардың барлық түріне де жүлде тағайындалмақ. Енді осы тойдың басы, алғашқы жүлдені жеңіп алу жолында сыныбымызда бәйге сабағы өткелі отыр.
- Бәйгені білесіңдер ме?
- Бәйге ұлттық ойын.
- Бәйгеге кімдер, немен қатысады?
- Иә, балалар, бәйгеге қатыстыру үшін бапкерлер өздерінің сәйгүліктерін дайындайды. Атқа шабатын баланы – шабандоз, бәйгеге қатысатын атты – сәйгүлік, осы сәйгүліктерді баптайтын адамды – бапкер дейді.
Біздің бүгінгі бәйге жарысына «Ақсу», «Еңбекшіл», «Қайрақты», «Батық», «Жұмыскер» ауылдарының жүйрік сәйгүліктерін алып келіп отыр. Қазір сәйгүліктерді іріктеу басталады. Оларды іріктеу жұмысына біздің көмегіміз қажет. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
1. Ойын «Жылдамдығыңды көрсет». Ауызша есептеу карточкаларымен жұмыс, рейтинг әдісі арқылы соңғы жауабы тексеріледі.
2. 9; 2; 9 карточкаларының көмегімен 20-ға тең болатын қосынды жаз (9 + 2 + 9);
Осы карточкалардың көмегімен 14-ке тең болатын қосындыны қалай жазуға болады? (6 + 2 + 6)
3. Самат 17 тиын тұратын кітап сатып алмақ болды. Оның қолында тек 3 тиындық монеттер, ал кассирде тек 5 тиындық монеттер болды. Самат кассаға қанша монет беру керек, ал қанша монет қайтарып алу керек? (Жауабы: 3 х 9 – 5 х 2 = 17)
ә) Ал енді, балалар, бері қараңдар. Іріктеу барысында «Ақсу», «Еңбекшіл», «Қайрақты» ауылдарының сәйгүліктері топты жарып шықты. Сәйгүліктер жарысқа дайын. «Бәйге» жарысының шарты қандай? Қазір қай ауылдың аты «сөреден» әр кедергідегі тапсырманы дұрыс, тез орындап, 1-ші болып «мәреге» жетсе, сол ауылдың аты жүлдені алады. Жүлделер: І орынға - ... , ІІ орынға - ... , ІІІ орынға - ... .
«Елдің көркі – сәйгүлік, Ердің көркі – сәйгүлік,
Жүрген қандай бәйгіде, Жүйрік мініп, тай мініп», - дей келе, жеңіс жолында бәріңе де сәттілік тілеймін, бәйге жарысы басталды. Математиканың қызықты есептер әлемінде өз білімімізді көрсетейік.

1 – кедергі. Бұл кедергіден өту үшін өткен сабақты еске түсіреміз. Сызба бойынша қозғалысқа байланысты есептер құрастырып шығару
І топ тапсырмасы: Уақытты табуға байланысты есеп құрастыру.
ІІ топ тапсырмасы: Жылдамдықты табуға байланысты есеп құрастыру
ІІІ топ тапсырмасы: Қашықтықты табуға байланысты есеп құрастыру

2 – кедергі. 15 – жұмыс
І. Күлдіргі жұмбақтар.
1. Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма? /29 ақпан, 4 жылда 1 рет келеді/
2. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? /Жоқ, ол уақытта түн болады/
3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?
/100/
4. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /Біреуі/
5. Төрт таяқтың, бес таяқтың, бес жарым таяқтың қанша ұшы болады? /4, 5, 5/

ІІ. Ойлап тап!
Ағасы қарындасынан математикадан неше балл алғанын сұрады. «Өзің ойланып қара, - деді қарындасы. Мен екі бір таңбалы санды көбейткенде де, қосқанда да бірдей сан шығатындай балл алдым». Қарындасы математикадан неше алған? / 4 /

ІІІ. «Амалдар»
Тор көздер ішіне орналастырылып қойылған арифметикалық амалдарды дұрыс шешу үшін бос тұрған торкөздерге қандай сандарды орналастыруға болады?

7 + - = 5
+ - + +
- 2 + =
- + - -
+ - 6 = 6
= = = =
5 + 5 - = 7

3 – кедергі. «Ой шақыру» стратегиясы. Өлең жолдарын оқу.
Шырағым, ер жетерсің
Ер жетсең не етерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдалсаң шыңға жетерсің.
- Егер, мына тапсырманы шешсеңдер, осы өлең жолдарын бізге арнаған қай ақын екенін табамыз.
Тапсырма: Берілген сандарды өсу ретімен орналастырыңдар:
45 28 12 63 40 81
Л А Б А Р С
(Жауабы: 12 28 40 45 63 81
Б А Р Л А С)
/Барлас ақын туралы қысқаша мағлұмат беру/

І топ тапсырмасы: Мәні осы сандар тізбегі болатын қосуға байланысты өрнектер құрастыру:
+ = 12 Б
+ = 28 А
+ = 40 Р
+ = 45 Л
+ = 63 А
+ = 81 С

ІІ топ тапсырмасы: Мәні осы сандар тізбегі болатын азайтуға байланысты өрнектер құрастыру:
- = 12 Б
- = 28 А
- = 40 Р
- = 45 Л
- = 63 А
- = 81 С

ІІІ топ тапсырмасы: Мәні осы сандар тізбегі болатын көбейтуге байланысты өрнектер құрастыру:
 = 12 Б
 = 28 А
 = 40 Р
 = 45 Л
 = 63 А
 = 81 С
4 – кедергі. «Кубизм» стратегиясы бойынша.
Сергіту үшін «Қасиетті сандар сырын» қайталау.
І топ тапсырмасы: Санға қатысты санамақтар құрастыру.
Бір дегенім – бірлік, Екі дегенім – ерлік, Үш дегенім – үздік, Төрт дегенім – тірлік, Бес дегенім – бесік, Алты дегенім, - асық, Жеті дегенім – желке, Сегіз дегенім – серке, Тоғыз дегенім – торқа, Он дегенім- оймақ. Осымен сөзді қоймақ.
ІІ топ тапсырмасы: Санға байланысты мақал-мәтелдер ойлау.
Батыр бір өледі, Қорқақ мың өледі.
Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. Т.с.с.
ІІІ топ тапсырмасы: 7 санына қатысты ұлағатты ұғымдарды еске түсіру.
«7 ата» - ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
«7 қазына» - ер жігіт; сұлу әйел; ақыл, білім; жүйрік ат; қыран бүркіт; берен мылтық; құмай тазы.
«7 жұт» - құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала. ...
5 – кедергі. Қызықты есептер әлемі.
І топ тапсырмасы: Наурыз дастарқанына 263 дана алма даярланды. Егер наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
(Жауабы: жетеді, 5-еуі артық қалады. 86 + (86  2) = 258)
ІІ топ тапсырмасы: Дәптердің бетінің ұзындығы – 20 см, ені – 15 см. Самат сабақта отырып, зеріккеннен дәптердің бетінің 30 см²-не сурет салып қойды. Егер ол дәптердің бетін түгел дәл осындай суретпен толтыратын болса, дәптердің бетіне неше сурет сияды? (Жауабы: 10 сурет. 20  15 = 300см; 300 : 30 = 10 с)
ІІІ топ тапсырмасы: 10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да, ойланды. Егер менің шашым айына 1 см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді? (Жауабы:120 см. (20 – 10)  12 = 120см)
6 – кедергі. Математикалық жұмбақтарды шешу.
І топ тапсырмасы:
Кітапханада 3 бөлме, Санай алсаң егерде,
Әр бөлмеде 10 шкаф. Айтып берші анықтап,
Әр шкафта 5 сөре, Қанша болды сөресі? (3  10  5 = 150)
ІІ топ тапсырмасы:
Секем ап бір дауыстан, Отырғанда қатарлап,
Безектеп бес сауысқан. Топ тоғыз тоқылдақ,
Үш үкі үркіп ұшты, Қарғып кеткен топырлап.
Тасқа құлап түсті. Сөйтіп қызық іс болды,
Жарда жеті жапалақ, Бәрі қанша құс болды? (5 + 3 + 7 + 9 = 24)
ІІІ топ тапсырмасы:
11 түйе, 5 жылқы, 2 қоян, 3 түлкі,
2 сиыр, 5 ешкі, Таба алмасаң бол күлкі! (11 + 5 + 2 + 5 + 2 + 3 = 28)
7 – кедергі. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
І топ тапсырмасы: І деңгейлік тапсырмалар.
1. Тиімді тәсілмен есепте: 35  (2  4) =
2. Көбейтіндінің мәнін тап: 428  4 =
3. Жаяу адам 3 сағатта 12 км жол жүреді. Жылдамдығын тап.
4. Метрмен өрнектеп көрсет: 15 км = м
5 км 700 м = м

ІІ деңгейлік тапсырмалар.
1. Теңдеуді шеш: Х – 1025 = 2220
2. Қабырғаларының ұзындықтары 2 см 5 мм болатын шаршының периметрін тап.
3. Есепте:
а 100 200 300
а  96

ІІ топ тапсырмасы: І деңгейлік тапсырмалар.
1. Тиімді тәсілмен есепте: 25  (2  3) =
2. Көбейтіндінің мәнін тап: 372  3 =
3. Тасбақа 1 минутта 5 метр қозғалады екен. 3 минутта жүрген жолын тап.
4. Метрмен өрнектеп көрсет: 90 дм = м
3500 см = м

ІІ деңгейлік тапсырмалар.

1. Теңдеуді шеш: 3607 – Х = 1300
2. Қабырғаларының ұзындықтары 2 см 3 мм, ені 1 см 7 мм болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.
3. Есепте:
а 100 200 300
а  85

ІІІ топ тапсырмасы: І деңгейлік тапсырмалар.
1. Тиімді тәсілмен есепте: 45  (6  2) =
2. Көбейтіндінің мәнін тап: 246  3 =
3. Велосипедші 3 сағатта 24 км жол жүрді. Жылдамдығын тап.
4. Метрмен өрнектеп көрсет: 860 см = м
1000 см = м

ІІ деңгейлік тапсырмалар.

1. Теңдеуді шеш: Х – 1037 = 2325
2. Периметрі 24 см-ге тең болатын болатын шаршының ауданын тап.
3. Есепте:
а 100 200 300
а  29

Рейтинг жүйесімен тексеру:

І топ ІІ топ ІІІ топ
І деңгейлік тапсырмалар бойынша
1) 280 1) 150 1) 540
2) 1 712 2) 1 116 2) 738
3) 4 км/сағ 3) 15 метр 3) 8 км/сағ
4) 15 000 м; 5 700 м 4) 9 м; 35 м 4) 8 м 60 см; 10 м
ІІ деңгейлік тапсырмалар бойынша
1) Х = 32 45 1) Х = 2 307 1) Х = 3 362
2) 10 см 2) 8 см 2) 36 см²
3) 9 600; 19 200; 28 800 3) 8 500; 17 000; 25 500 3) 2 900; 5 800; 5 700

8 – кедергі. Логикалық есептер шығару.

1. 100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады? (86)
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады? (5)
3. Екі стақанға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стақанда су көп? (Бірдей)
4. Шаршы пішінді картонның периметрі 32 см. Осы картонның ауданы неге тең?
(32 : 4 = 8 (см); 8  8 = 64 (см²) )
5. Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 минут оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды? (3 пәннен)

IV. Қорытынды. Міне, балалар, соңғы кедергіден де өттік. «Ат шаппайды – бақ шабады, Бақ шаппайды – бап шабады, - дегендей сәйгүліктерін өте жақсы баптаған ....
/ жүлделер тапсырылады/

V. Үйге: «Қазақы қалжың есептер» кітапшасын жасау.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: жан | Теги: математика әлеміне саяхат, 4 класс, планирование, математика
Просмотров: 664 | Загрузок: 9 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0