Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Математика - Разработки уроков


Главная » Предметы » Математика » Разработки уроков


Разработка урока «Линейное уравнение с одной переменной», Математика, 6 класс

Разработка урока «Линейное уравнение с одной переменной», Математика, 6 класс.

Автор: Исаева Гаухар Кенесбековна, учитель математики cредней школы №278 города Кызылорды.

Математика 6 сынып
Күні: 22.01.2015
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу (слайдымен)
Сабақтың эпиграфы:
Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ.
(Н.Назарбаев)
Сабақтың мақсаты
Білімділік:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді есептер шығару арқылы бекіту
Дамытушылық: Есептеу әдістерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік:Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Тақта, сызбалар, слайд, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сәлемдесу әдебі
3) Слайдта көрсетілген «тақ сандар», «жұп сандар» және «теріс сандар» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын анықтау;
2)Өткенді қайталау
1. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
2. Мәндес теңдеу деген не?
3. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
4. Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?
3)«Білім - басты мұрат»
Есептер шығару
1. Егер а=-5 болса,онда 2+3а=2+3*___=___
2. Егер b=-1 болса, онда 7-2b= 7-2*___ =___
3. Егер d=-3,6 болса, онда 4+5d=4+5*___=___
4)«Білім-таусылмайтын кен»
Тест есептер.
1. Теңдеуді шешу: 0х=5
а) 0; в) 5; с) түбірі жоқ

2. Теңдеуді шешу: 7х+3 = х+15
а) 2,25; в) 2; с) 3

3. Теңдеуді шешу: 0х = 0
а) 0; в) 1; с) х- кез-келген сан

4. Теңдеуді шешу: 6х-7 = х+3
а) 2; в) -4/7 с) -4

5. Теңдеуді шешу: 3х = 1
а) 3; в) 1/3 с) 1
Жауаптары:
1. С
2. В
3. С
4. А
5. В
5) Тапсырмалар орындау


6) Шығармашылық жұмыс.
Сөз жұмбақ «Қазақстан»
1. Математикалық 4 амалдың біреуі.
2. 5-сынып. Математика оқулығының авторы.
3. Қосу амалына кері амал.
4. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан.
5. Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар?
6. Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады?
7. Әріпті өрнектердің теңдігін не дейміз?
8. Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз?
9. Санауға қолданатын сандар
Жауаптары
1.Қосу
2. Алдамұратова
3. Азайту
4. Аралас
5. Қарама-қарсы
6. Бұрыс
7. Теңдеу
8. Рационал
9. Натурал сандар
7) Тірек сызба
ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х-айнымалы, а және b-қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
1 қасиет:
теңдеудегі қосылғыштың таңбасы қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет:
теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Бір айнамаласы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:
1) Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;
2) Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
3) Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;
4) Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек.
8) Сабақты қорытындылау, бағалау
9) үйге тапсырма №861,862





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: isaevagauhar | Теги: разработка урока, 6 класс, линейное уравнение с одной переменн, математика
Просмотров: 322 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0