Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Информатика - Разработки уроков


Главная » Предметы » Информатика » Разработки уроков


План урока «Пернетақта», информатика, 5 класс

План урока «Пернетақта», информатика, 5 класс.

Автор: Урпекова Ансаган Сансызбаевна, учитель информатики.

Сабақ жоспары 5 сыныптарға арналған.

Пән: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға пернетақтаның қызметін, ұғымын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік,өзіндік.
Сабақтың формасы: Жалпылама сұраныс, компьютермен жұмыс.
Сабақта қолданылатын құрал-саймандар мен бағдарламалар: дәптер, оқулық, пернетақтаны көрнекілік ретінде көрсету.
Сабақ жоспары:
І. Мотевациялық
ІІ. Амалды-қызметтік кезең
ІІІ. Рефлексия
Сабақтың барысы:
І. (оқушылармен амандасу және түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру).
Үй жүмысын тексеру сұрақтары:
1. Сервер дегеніміз не?
2. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
3. Нотбук компьютердің қай түріне жатады?
4. Нетбек деген не?
5. Акомпьютерлердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?

ІІ. Жаңа тақырып:
Пернетақта
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақта мынадай негізгі бөліктерден тұрады.
Пернетақта бөлігнің аты Пернелер Суреттегі түсі
Алфавиттік – цифрлық пернетақта әріптер мен цифрлар Көк
Курсорды басқару пернелері сілтемелер, Home, End, Page Up, Page Down Жасыл
Функционалдық пернелер F1-F12 Қоңыр
Қосымша цифрлық пернетақта Num Lock, пернетақтаның оң жағы Сары
Басқару пернелері Enter, Shift, Alt, Ctrl, Caps Lock, Tab, Esc, Insert, Back Space, Delete, Print Screen, Scroll Lock, Pause Қызыл



Пернетақтада пернелерден басқа индекаторлар да бар (олар пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан).
Индекаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар.
Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімен бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift+Ctrl).
Кез келген мәтін кіші әріптерден және бас әріптерден тұрады. Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift пернесімен бірге басу керек.
Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіо қолданылады. Пернетақтадағы Caps Lock пернесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз? Ол үшін Caps Lock пернесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оі жақ жоғарғы бөлігінде Caps Lock пернесінің аты бар индекатор жанады. Бұдан кейін пернетақтада тергендеріңнің бәрі үлкен (бас) әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, Caps Lock пернесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индекатор өшеді.
Қосымша цифрлық пернетақтада цифрлардан да, сілтемелерден (курсорды басқару пернелерінен) де тұрады. Жұмыс режимін Num Lock пернесі көмегімен ауытырады.

Практикалық тапсырма
1-тапсырма
Num Lock пернесін басыңдар. Қосымша цифрлық пернетақтадағы 8 саны бар пернені басыңдар. Қайтадан Num Lock пернесін басыңдар, одан кейін 8 саны бар пернені басыңдар. Қосымша цифрлық пернетақтаның қалай жұмыс істейтінін анықтаңдар.
2-тапсырма Ребусты шеш


Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Пернетақтада цифрлар қайда орналасқан?
2. Бас әріппен жазу үшін қандай пернені басу керек?
3. Кіші әріппен жазу үшін қандай пернені басу керек?
4. Тышқансыз пернетақтамен компьютерде жұмыс істеуге бола ма?
5. Пернетақтада қандай бөліктерден тұрады?

ІІІ. Қорытынды: (оқушыларды бағалау)
Үй тапсырмасы: Пернетақта тақырыбын оқып келу, сұрақтарға жауап беру.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: urpecova92 | Теги: план урока, пернетақта, информатика, 5 класс
Просмотров: 286 | Загрузок: 10 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0