Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Начальная школа - Выступления


Главная » Предметы » Начальная школа » Выступления


Выступление «Оқушыны кітап оқуға қалай қызықтырамыз», начальная школа

Выступление «Оқушыны кітап оқуға қалай  қызықтырамыз», начальная школа.

Автор: Дузенова Жансая Ораловна, учитель начальных классов, КГУ «Основная школа №44» г. Караганда.

Оқу - білім беру мен дүниетанымын танып білудің негізгі құралы.Неғұрлым жағандану жаңалығы көп болса адам үшін оқудың маңызы зор. Нағыз әдебиет адамды жақсы көруге, жанға рухани азық болады. Кітап оқу адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойлау барысында тәжірибе жинақталады. Кейін өмірде оны пайдалану жеңілдейді. Рухани бай етеді. Әлемге жаңа көзқараспен қарауға итермелейді.
Мектептегі оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларынан оқудағы дербестікті талап етеді Сауатты оқуды қалыптастыру - мектепте білім беруде маңызды міндет. Оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор.
Бастауыш буында оқытатын ұстаздың алдында осы ретте,
оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға
идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану мақсаты тұр. Ертеректе кітап оқу білімнің қайнар бұлағы деуші еді. Ал қазір ше , кітап оқуға деген көзқарас басқа. Жаппай кітап оқу деген мүлдем жоқ, кітап оқушылар жоқтың қасы. Біздің ғасырда керек ақпарат табу үшін, аудио, видео,ғаламтор секілді жеңіл жолдар табылып тұрғанда балалардың кітап оқуға деген құштарлығы азайып кетті. Осыдан мыныны аңғаруға болады:
• оқуға деген құштарлықтың жоғы;
• міндетті оқу деген еркін оқуға ауысуы;
• мектеп бағдарламасының әдебиеттік оқуымен ғана шектелуі;
• арнайы сыныптан тыс оқудың құрылымы болмауы .
Сауатты оқыту мәселесі әрбір ұстазды ойландырады, себебі оқу білім берудің бірден -бір құралы.
Ұстаздарды қазіргі таңда балалардың оқуға деген қызығушылығының жоқтығы алаңдатып отыр. Ата -аналар балаларының не оқитынын, оларды қандай әдебиеттер қызықтыратынын білмейді. Ал оқушыларды сөзжұмбақтар, әзілкештер қызықтырады. Көптеген ұстаздарды , ата-аналарды балалардың кітап оқығысы келмейтіні алаңдатады.Кітапты оқы деп мәжбүрлей алмаймыз, егер баланың өзінің қызығушылығы болмаса, тек қызықтыру керек. Баланың кітап оқуға қалай қызықтырамыз? бала кезде оқыған кітаптар естен кетпейді ғой әрі ол кезде оқыған кітаптар өмір бойы азық болады. Кітап оқу мәселесі бастауыштан басталып отыр. Әр кітап оқу жас ерекшелігіне сай болмаса ,кітаппен дос болу мүмкін емес.

Осы мәселені шешу үшін 1-4 сыныптар аралығында "Чтение в радость" (Қызығушылықпен оқу) педагогикалық жоба аясында әдебиет үйірмесінің бағдарламасы құрастырылды. Бұл бағдарлама 1-4 сыныптарды қамтиды.
1сынып "Әліппе серігі"
2сынып "Жұмбақ кітаптар"
3-4 сынып - "Әдеби шығармалар кейіпкерлері"
"Чтение в радость" (Қызығушылықпен оқу) жобасының мақсаты- балалардың оқуына қолдай отырып бағдарлама құру және оқуға деген қызығушылығын, сауатты оқуына ықпал ету.
Бағдарламаға сәйкес үйірменің мақсаты: озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті- елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

Негізгі міндеті:
баланың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру
оқыған мәтіннің мағынасын түсініп, ой елегінен өткізе алуға үйрету
мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға жауап беруге
мазмұнын айтуға, яғни түсінгенін айтуға
шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруге және олардың іс -әрекетіне баға беру, олардың басынан өткен жағдайларға жаны ашу, аяушылықпен, түсіністікпен қарау.
оқырманды ойын түйіндеуге, зерттеуші бола білуіне және өіндік ой қорытындыларды сөзбен айшықтауға үйрету.

Таңдалып алынатын шығармалардың құндылығына назар аударылады және де жас ерекшелігі, әлеуметтік деңгейі ескеріледі.
Халық ауыз әдебиетінің қаймағы мен кейінгі балалар кітаптарына негізделеді.
Сабақ барысында мәтіннің екі түрі қолданылады: реттелген ертегінің мазмұны және нақты дұрыс берілген ақпарат.
Бастауыш сынып ұстаздары баланы оқыту және оқығысы келметін оқырманды оқуға итермелеу қиындық туғызатынын біледі. Оқу - өте күрделі психологиялық процесс. Бастауыш сынып оқу сабағында оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді.
Шығарманың мәтіндері оқушылармен топпен, жұппен, жалпылай жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жұмыс түрлері ұстаздың шеберлегене де байланысты болмақ. Оқуға деген қызығушылықты ұйымдастырудың әртүрлі үлгілері бар:

 диспут сабақтар
 қойылым сабақтар
 мерекелік сабақ
 интервью сабақ
 кіріктірілген сабақ (интегрированное)
 ауызша журнал
 байқау сабақтары
 әдеби кештер
 әдеби кеш қонағы
 әдеби шың сабағы тб сабақтар.

Мәтін мазмұнын ашатын сұрақтар немесе мазмұнын анық жеткізетін ақпаратты табуға үйрету. Алдымен сұрақты қойып , оны есте сақтап сосын ғана мәтінмен таныстыруға болады. Егер оқушы сұрақты есте сақтамаса себебін анықтау керек, неге ойында сұрақты сақталмады? әлде сұрақ дұрыс берілмеді ме? міне осындай қарапайым сұрақтар туындауы мүмкін. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларыньң қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес. Оқытудың әр түрлі зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, үйірме жұмысында "түсініп оқу" ережесіне сүйенетін болдық.

Бағдарламаның кезеңдері және аяқтал мерзімі:
Бұл бағдарлама 4жыл бойы сабақтан тыс жүргізіліп отырады. Әр оқу жылының соңында оқушылардан тест сауалдары, сауалнама , әңгіме жұмыстары алынып отырады.

Оқу жылында бағдарлама мазмұнына сәйкес екі тарау беріледі:

1. Оқу шеңбері
2. Балалар кітабымен жұмыс ЖЖК
Оқу шеңбері сыныптан сыныпқа көшкенде шығармалардың көлемі ұлғайып, мазмұны тереңдей түспек, яғни айналсындағы әлем, құрдастары, олардың өмірі, ойыны , шытырман оқиғалары, табиғат және табиғатты қорғау, Отанымыздың тарихы жайлы оқуға бағытталады. Сөйтіп өз бетінше оқырман болуға баулу.
Оқуыту барысында қарапайым түсініктер қалыптасыру керек. Мысалы:оқылатын шығарманың автор жайлы ақпарат, оның жанры тб ақпараттар алуына негіз болу.



Халық ауыз әдебиетін оқыта отырып халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.

Оқу шеңбері:
көркем әдебиет және ғылыми танымал әдебиеттер төңірегінде өз бетімен оқитын туындылар, іштей және дауыстап оқу түрлерін қолдана отырып өлеңдер, әңгімелер, Отан туралы шығармалар, балалар туралы, қаһармандар туралы, жан -жануарлар, өсімдіктер, сиқыршылар туралы отандық қаламгерлердің туындыларымен танысады.

Балалар кітабымен жұмыс:
кітаптар туралы бағыт бағдар беру, кітаптың негізгі элементтерін ажырату, мазмұнына қарап тақырыбын (авторы, кіріспе) байқау, оқылған кітаптың не жайында екенін айта білуге , қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін талап ету. Кітаптар жиынтығымен жұмыс жасай алуын, кітаптар көрмесін бақылау, нұсқаулық бойынша беріген кітаптар тізімін оқу. Оқылған шығармаға түйінді ойын білдіру, оқиғаны бағалау, кейіпкерлерге мінездеме беру, іс-әрекеттеріне баға бере алу, кейіпкерлерін салыстыра білуін қадағалау.Шығарманың авторын және тағы басқа кітаптарын білу, олармен өз беттерінше ізденіп оқуларына бағыт бағдар беру.

Күтілетін нәтижелері:
Оқушы білуі "тиіс"
іздеу:
айналадан сұрастыру;
мұғалімнен кеңес алу;
ақпарат алу ;
ойлану
өткен және дәл уақыттағы оқиғалардың арасындағы байланысты ажырату;
ұсыныстар мен пікірлерге сын айту
қиындықтар мен





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Выступления | Добавил: жан | Теги: начальная школа, оқушыны кітап оқуға қалай қызықтыра, выступление
Просмотров: 34 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0