Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Классное руководство - Классный час


Главная » Предметы » Классное руководство » Классный час


Классный час «Террозим»

Классный час «Террозим».

Автор: Исабекова Куляш Курмановна.

Тақырыбы: Терроризммен діни экстремизмге қарсы күрес

Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм терминдері жайлы түсінік беру, ҚР лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, туралы және олардың қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру; келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже: 7 «А» сынып оқушылары діни экстремизм және терроризмнің қауіпті салдарлары туралы түсінік қалыптастырады, азамат ретінде қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұра алады. Елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін өз үлестерін қоса біледі. Ситуациялық жағдайларды шешуді және өз ойы мен пікірін еркін, дәлелді жеткізуге үйренеді.

Әдістері: пікірлесу, сұрақ-жауап, презентациялар мен видеороликтер

Сынып сағатының барысы
І бөлім: Кіріспе.
Видеоролик көрсету арқылы оқушылардың «өзін-өзі пайдалы жүзеге асыру», «өмірде өз орнын табу» сияқты құндылықтар туралы ой қозғау.
ІІ бөлім:
Діни экстремизмге қарсы күресті жан-жақты талдау, талқылау мақсатында 7 «А» сынып оқушыларының пікрілерін қарастыру

«Терроризм» «экстремизм» сөздеріне ассоцияция құру

Қарастырылатын мәселелер:
1. Экстремизм мен терроризм деген не?
2. Экстремистік ұйымдарға кімдер кіреді?
3. Экстремистік ұйымдардың мақсаты?
4. Экстремистік топтардағы адамдардың тағдыры.
5. Қалай алдын алуға болады.
6. Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
7. «Дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару» дегеніміз не?

Презентация: «Діни экстремизмге қарсы күрес»
1) Лаңкестік оқиғалар туралы видеороликтер көрсету арқылы көремендермен әлемді түршіктерген АҚШ-тағы, Ливиядағы, Сирияда араб елдеріндегі болып жатқан қанды қырғындар туралы пікіралмасу өткізу.
2) Әрбір тақырыбына байланысты өздерін толғандыратын сұрақтар қою, және қойылған проблеманы шешуге байланысты өздерінің көзқарастарын тұжырымдайды.
Барлық оқушыларды үдеріске тарту, қатыстыру арқылы оларға экстермизмнің адамзат үшін қауіп-қатерін көрсету, қоғамдағы әрбір оқиғаға қатысты дұрыс позиция таңдай білуге тәрбиелеу.
Оқушылар тақырып туралы ойды қорытындылау үшін Абайдың, Б.Момышұлының және Н.Ә.Назарбаевтың сөздерінен үзінді оқиды.

Абайдың 14-сөзі: «... Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып алар жүрекке жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады. Жаманшылыққа беріліп кеткен соң бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»

Б.Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқамын»

Н.Ә.Назарбаев: «Діни экстермизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса, елде береке, бірлік, тыныштық болады»





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Классный час | Добавил: isabekowa2016 | Теги: классный час, террозим
Просмотров: 297 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 2
Гостей: 1
Пользователей: 1
irina8224