Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

География - Разработки уроков


Главная » Предметы » География » Разработки уроков


Разработка урока «Западный Казахстан», География

Разработка урока «Западный Казахстан», География.

Автор: Енсепова Анар Сеитжапаровна.

Батыс Қазақстан облысы — Еуропаның шығыс бөлігіндегі елдің солтүстік батысында орналасқан Қазақстан Республикасының аймағы.
Аумағы — 151 339 км², Қазақстан көлемінің 5,6 % ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша бұл облыс ел ішінде 8-інші орынды алып отыр.
Облыс 12 ауданға және Орал қаласына бөлінеді. Облыс орталығы 1613 жылы негізі қаланған Орал қаласында орналасқан. Кейбір деректерде Яицкий атауымен, негізі қаланған уақыты 1584жыл, 1775 жылдан бастап атауы Орал. Оралдан Астанаға дейінгі арақашықтық – 1747 км.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындар саны 2010 жылдың басында 624 280 адамды құраған, соның ішінде, қала тұрғындары 282 911 және ауыл тұрғындары – 341 369 адам. Тұрғындардың жалпы санынан ұлттық құрамы бойынша:
қазақтар – 445 937 (71,4%)
орыстар – 140 096 (22,4%)
украиндықтар - 14 900 (2,4%)
татарлар – 9 039 (1,5%)
басқа ұлттар – 14 308 (2,3%)
Жағрафиясы
Қазақстанның екі облысымен және Ресейдің бес облыстарымен шекаралас:
солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен
шығыста — Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысымен
оңтүстікте — Қазақстан Республикасының Атырау облысымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен
батыста — Ресей Федерациясының Волгоград және Саратов облыстарымен
солтүстік батыста — Ресей Федерациясының Самара облысымен
Әкімшілік орталығы: Орал қаласы.
Ең ұзын өзен – Орал (Жайық), 2428 км. Өзеннің ұзындығы Қазақстан Республикасы көлемінде – 1082 км.
Ең ірі өзен – Шалқар (360 шаршы километр), Теректі ауданында орналасқан.
Ең ірі аудан – Ақжайық (25,2 мың шаршы километр).
Облыс Евразияның орталық бөлігінде, Қазақстанның солтүстік батысында орналасқан. Ресей Федерациясымен шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы 2423 километрді құрайды.
Аумақтың жер бедері жазық дала. Теңіз деңгейінің биіктігі облыстың солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай төмендейді. Аймақ жер бедері бойынша бірнешеге бөлінеді, соның ішінде – Жалпы сырт, Ембі үстірті, Каспий маңындағы ойпатты жерлер. Облыстың солтүстігінде және солтүстік шығысында Жалпы сырттың және Орал үстіртінің тау сілімдері бар. Оңтүстікте Каспий маңының ойпатты жерлерінің шегінде Нарынқұмның Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқа құм алаптары орналасқан.
Облыстың ең биік жері Ичка тауы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр.
Ауа-райы
Ауа-райы қатал континентальды. Барлық жыл бойына күшті желдер соғып тұрады, жазы құрғақ.
Орташа температурасы қаңтарда−14, ал шілдеде +25 ке дейін.
Жылдық жауын шашын көрсеткіші оңтүстік аймақта 250 мм, ал солтүстікте 400 мм ге дейін.
Аймақтың экономикасы
Батыс Қазақстан облысы республиканың аграрлық өнеркәсіптік аймағы болып табылады. Облыс экономикасы негізін, үлес салмағы ВРП көлемінде 55,1% ға жететін өндірістік өндіруші құрайды.
Нақты экономика секторындағы ең көп үлес салмағын кен өңдіру саласы 90% алып отыр, өңдеу саласының үлесіне 7,7% дан келеді, электрмен жабдықтау, газ беру, булы және ауа салқындатқыш – 1,9%, сумен жабдықтау, кәріздік жүйе, жиынды бақылау және қалдықты тарату – 0,4%.
Азық түлік өнімдерін өндіру (33,5%), мұнай өнімдерін қайта өңдеу (25,9%), машина жасау (16,3%), металлургиялық өнеркәсіп (5,6%) облыстың өңдеу өндірісінің құрылымындағы ең көп үлес салмағын алып отыр.
Облыстың ауыл шаруашылығы астық өндіру және мал шаруашылық өнімдерін өндірумен мамандандырылған. Өсімдік шаруашылығында бидаймен қатар майлы және жарма дақылдары өсіріліп, картоп, көкөністер, бақша жемістері өндіріледі. Мал шаруашылығының негізі салалары ірі қара және қой шаруашылығы, ал шошқа, жылқы, түйе және құс шаруашылығы қосымша болып табылады.

Жер қыртысы
Топырағы сарғылт қоңыр, сарғылт, ақшыл сарғылт сазды және сортаң. Дәнді –түрлі шөпті, дәнді жусанды, жусанды бидайықты өсімдіктер басым. Оңтүстік аудандарда қоңыр топырақтар, сортаң және сортаң топырақтар кездеседі, құм алаптары бар.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Солтүстікте – бетеге боз шөпті дала, Орал өзенінің және жолдардың бойында орман қарғау жолақтар – терек, тал, емен, қайың, шегіршін және тағы басқа ағаштар, сонымен қатар оңтүстік батыста және солтүстікте қарағай өсіріледі.
Бұл аймақта елік, бұлан, қабан, қарақұйрық, түлкі, күзен, қасқыр, қоян, құндыз, ондатра, суыр және тағы басқа аңдар жүреді. Облыс аумағында аққу, қоңыр қаз, бірқазан, тырна, балшықұның, бұлдырық, сұңқар, лашын, қаршыға, қарлығаш, қараторғай және т.б. құстар ұя салады. Бауырымен жорғалаушылардан жыландар мен кесірткелер бар. Көлдері мен өзендері балыққа бай: торта балық, тыран, сазан, көксерке, қарабалық, ақмарқа, шортан, алабұға және т.б. балықтар мекендейді. Оралда – шоқыр, қортпа, бекіре балықтары бар.
2010 жылдың мамыр айында аймақтың барлық киік санының жартысына жуығын құрайтын, 12 мың киік қырылды.
Су ресурстары
Облыста жалпы ұзындығы 4600 км. болатын 200 ге жуық өзен мен шағын өзен бар, олардың ішіндегі ірі өзендер Орал, Шаған, Деркөл, Көшім, Үлкен және Кіші өзен, облыста 144 көл бар, олардың — 94 і тұзды. Анағұрлым маңыздылары Шалқар, Балықты Сакрыл және Қамыс Самар көлдерінің жүйелері. Шалқар көлі Батыс Қазақстан облысының ең ірі және ең терең су айдыны. Көлге 1,4 млрд. текше метр шамасында су жиналады, көлдің ең үлкен алаңы 24000 га. Көлге шығыс жақтан екі өзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші Аңқаты), ал Солянка өзені көлден ағып шығып Орал өзеніне құяды. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде ұзындығы 250 км Орал өзені ағады, оның «далалы аймағы» Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Батыс Қазақстан облысына қарайтын Шаған, Деркүл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Ембулатовка, Барбастау және тағы басқалар Орал өзенінің кіші бассейніне жатады. Орал өзені Қазақстанның ғана емес Ресейдің де мемлекеттік мағынасы бар негізгі сулы күретамырларының бірі болып табылады.
Табиғатты қорғау
Аймақта Кирсанов (алаңы — 61,0 мың га), Бударин (алаңы — 80,0 мың га) және Жалтыркөл (алаңы — 19,0 мың га) деген мемлекеттік зоологиялық қорықшалар бар. Одан басқа, бұл жерде «Дубрава» табиғаттың ботаникалық ескерткіші, «Үлкен Ичка» табиғаттың тау ескерткіші, «Селекциялық» табиғат ескерткіші, «Садовское» табиғаттың көл ескерткіштері бар. «Ақ Құм» ландшафты қорықшасы, «Миргородский» ботаника зоологиялық ескерткіші, , Урдинский геоботаникалық қорықшалары орналасқан.
Әкімшілік аумақтық бөлінуі
Әкімшілік орталығы – Орал қаласы. Қазіргі таңда облыстың әкімшілік аумақтық құрылыс жүйесіне 12 әкімшілік аудан, 156 ауылдық округ, 3 поселкелік округ, облыстық маңызы бар бір қала (Орал қаласы) және аудандық мағынадағы бір қала (Ақсай қаласы), 475 ауылдық тұрғын кенттер кіреді.
Облыс 12 ауданнан тұрады:
Тасқала ауданы — Тасқала селосы
Зеленов ауданы — Переметный селосы
Теректі ауданы Фёдоровка селосы
Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы
Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау селосы
Жәнібек ауданы — Жәнібек селосы
Казталовка ауданы — Казталовка селосы
Ақжайық ауданы — Чапаев селосы
Сырым ауданы — Жымпиты ауылы
Қаратөбе ауданы — Қаратөбе селосы
Бөкейордасы ауданы (Орда ауданы) — Сайхын селосы
Жаңақала ауданы — Жаңақала селосы





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: Анара | Теги: западный Казахстан, разработка урока, география
Просмотров: 415 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0