Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Дошкольное образование - Разработки мероприятии


Главная » Предметы » Дошкольное образование » Разработки мероприятии


Технологическая карта занятия «Денсаулықтың құпиясы. Секреты здоровья», Дошкольное образование

Технологическая карта занятия «Денсаулықтың құпиясы. Секреты здоровья», Дошкольное образование.

Автор: Жұмабекова  Сағыныш  Бақытжанқызы, воспитатель детского сада ГККП «Айголек» Аулиекольский район Костанайской области Республики Казахстан.

Білім беру саласы: Денсаулық, Әлеуметтік орта, Қатынас

Кіші сала: Дене шынықтыру, Экология, Тіл дамыту

Тақырыбы: Денсаулықтың құпиясы

Мақсаты: Денсаулық туралы түсінік беру. Есмдік өсімдіктердің қасиеттері

мен таныстыру. Балаларды жанашырлыққа, көмек беруге тәрбиелеу.

Диалогиялық тілін дамыту.

Көрнекі құралдар: емдік өсімдіктердің суреттері

Билингвалдық компонент: денсаулық-здоровье, тұңба-настойка , жолжелкен-подорожник, түймедак-ромашка


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
ортаңғы «Ә» тобы Тәрбиешісі Жумабекова С.Б.
Білім беру саласы: Денсаулық, Әлеуметтік орта, Қатынас
Кіші сала: Дене шынықтыру, Экология, Тіл дамыту
Тақырыбы: Денсаулықтың құпиясы
Мақсаты: Денсаулық туралы түсінік беру. Есмдік өсімдіктердің қасиеттері
мен таныстыру. Балаларды жанашырлыққа, көмек беруге тәрбиелеу.
Диалогиялық тілін дамыту.
Көрнекі құралдар: емдік өсімдіктердің суреттері
Билингвалдық компонент: денсаулық-здоровье, тұңба-настойка , жолжелкен-подорожник, түймедак-ромашка
Қызмет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-оятушы кезең.

Тосын сый: Психожаттығу:
Аспанымыз ашық болсын!
Айналамыз гүлденсін!
Елімізде бейбітшілік болсын!
Табиғатымызды аялайық!
Балалар шеңбер құрып тұрады.



Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.

Рефлексивті-түзетуші кезең. Тәрбиеші: Балалар, сендер бір – біріңе сәлеметсің бе, амансың ба, саумысың деген ғажап сөздерді айтып жатасыңдар. Ал, бұл сөздер неліктен ғажайып екенін білесіңдер ме? Амансың ба деген бұл адамдарға ұзақ өмір тілеу. Денсаулық деген не балалар?
(шымылдықтың артында)
Сауысқан: Орман перизаты! Орман перизаты! Сіз білесіз бе..
Орман перизаты:Сауысқан-ау, не болып қалды, кірген бетте сәлемдесуді де ұмытып кеттің ғой.
Сауысқан: Кешіңіз сәлеметсіз бе? Енді не істейміз, Сізге көмек керек ғой?
Орман перизаты:Иә, расында да.
Тәрбиеші:Кешіріңіздер, жақын маңайда болғаннан біз сіздердің әңгімеңізді естідік. Сәлеметсіздер ме. Сізге не болды?
Орман перизаты: Зұлым Ангина Тұмау хандығынан келіп, алдап менің денсаулығымды алып кетті. Емдік шөптерімде бітуге жақын. Немен емделемін.
Тәрбиеші: Мүнаймаңыз, біз балалармен Сіздің денсаулығыңызды қайтарамыз. Бірақ жолды білмейміз.
Орман перизаты: Жолда сендерді қиындықтар күтеді және Ангинаның достары – микроптар мен вирустар кездеседі. Байқаңдар, басуға немесе ұстауға болмайды. Ауырып қалуларың мүмкүн.
Тәрбиеші: ендеше жолға шығайық. Ауырмау үшін біз не істеу керекпіз?
1-ші кедергі: массаж
Енді жолға шығамыз, сөздерімізді айтамыз.
2-ші кедергі: Тастардан секіріп өту, микроптарды баспау.
Тәрбиеші:Міне, біз қиындықтарды жеңіп, Тұмау хандығына жеттік. Ангина, біз Орман перизатының денсаулығына келдік. Қайтар оны.
Ангина:Менің кедергілерімнен өттіңдер. Енді көңілімді көтеріңдер.
Сергіту сәті слайд
Ангина:Жарайды, мен Орман перизатының денсаулығын қайтарайын. (қорапшаны береді)
Қорапшаны алып қайтады.
Тәрбиеші: Орман перизаты, қорапшада шөптер ғана.
Орман перизаты:Бұл жай шөп емес, емдік өсімдіктер. Қане назарларыңды бейнетаспаға аударыңдар.
Слайд «Емдік өсімдіктер»
Тәрбиеші: Біздің балалар тақпақтар біледі.
- Рахмет балалар, сендер емдік өсімдіктер туралы көп біледі екенсіңдер, мен сендерге ризамын.
Осы шипалы емдік
өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болатынын сендерге мен айтып берейін. Дәрілік өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, тамыры дәрі– дәрмек жасауға пайдаланылады.
Кептірілген шөптерді, қағаз қаптамаларда, дорбашада, қораптарда не шыны ыдыста сақтайды. Егер шөп әбден кеппесе дорбаға ауа кірмейді де, шөп көгеріп, бұзылып кетеді. Кептірілген шөптерден тұнба жасауға болады екен. Кепкен шөпті ыстық суға салып, жылылап жауып, белгілі уақыттан соң суды сүзіп алса ол тұнба деп аталынады.
Орман перизаты емдік өсімдіктердің тұнбасын жасап сүзіп көрсетеді. Тұнба сууғанша, мен ертерек жасаған тұнбаны балаларға берейін. Балаларға дәрумендер беру.

Балалар: Ауырмай, сырқамай көңілі көтеріңкі болу.

Мұқият тыңдайды.

Жаттығулар, шынығу керек, таза болу керек.
Далада ойнау керек, фитошай, сарымсақ медальон тағу,

Тұрып алып таңнан біз
Орман жаққа барғанбыз.
Жағасында өзеннің
Дәрі шөп қой қараңыз,
Тиген жоқпыз оған біз
Тиген жоқпыз оған біз
Дәрі шөпке қорғанбыз

Басқа гүлден бір бөлек,
Мұны ерекше гүлдер ек.
Ақ гүлі бар аяулы,
Сары гүл – ол да ерек.
Нәр жинауды қалайды,
Бал арасы күнде кеп.
- Нұрдаулет

Барлық жерде өсетін,
Өгей шөп жабайы өсімдік.
Тұңбасын оның ішсең
сен,
түсіреді қақырық - Мади

Жолжелкен көп жылдық өсімдік. Жапырақтары сыңбас үшін жерге өте жақын өседі.Қайнатпасы асқазанды тазартады. Жөтелді қойғызады. Іш ауруларына пайдалы. Жолжелкеннің жапырағынан жасалған қайнатпа қан тоқтатады, бүйрек ауруларына өте пайдалы. -Сабина

-Тұнба, қайнатпа сөздерін балаларға бірнеше рет қайталату

балалар дәрілік гүлдің тұнбасын қалай жасалу керектігін көрді.

Күтілетін нәтиже:

БІЛУ КЕРЕК: Балаларды жанашырлыққа, көмек беруге тәрбиелеу.

БОЛУЫ КЕРЕК: Балаларға аурулардың пайда болу

ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: Есмдік өсімдіктердің қасиеттері





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки мероприятии | Добавил: kuanysh_zhumabekova | Теги: секреты здоровья, технологическая карта занятия, дошкольное образование, денсаулықтың құпиясы
Просмотров: 262 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0