Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Дошкольное образование - Разработки мероприятии


Главная » Предметы » Дошкольное образование » Разработки мероприятии


«Алданған қоян» (Ойын іс-шарасын сахналау отпен ойнама қауіпті)

«Алданған қоян» (Ойын іс-шарасын сахналау отпен ойнама қауіпті).

Автор: Аязова Тоты Рымхановна, воспитатель детского сада ЧОУ д/с «Асми» г. Талдыкурган Алматинской области.

Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту. Төтенше жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін көре отырып сұрақ-жауап арқылы білімдерін кеңейту.

Адамгершілікке, айналадағы табиғатқа, адамдарға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті қонақтар және балалар. Бүгін біздің «Отпен ойнау қауіпті» - атты ойын іс-шарамызға қош келдіңіздер. Бұл ойын іс-шарамыз балалардың өмірінің қауіпсіздігі жағдайында не үйренгенін көрсетеді.
Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап беріңдер.
Дайынсыңдар ма?
1-сұрақ. Үйдегі қауіпті заттарды білесіңдер ме?
Балалардың жауабы: Қайшы, ине, пышақ, сіріңке.
2-сұрақ. Егер үйде өрт болса, не істеу керек?
Жауап: Үлкендерді көмекке шақыру немесе 101-ге қоңырау шалу керек.
3-сұрақ. Құтқару телефонын ата?
Жауап: 101-ұялы телефонмен теру.
4-сұрақ. Өртті немен сөндіреді?
Жауап: Сумен, топырақпен, құммен.
Дұрыс балалар!
Біздің балалар тағыда жедел жәрдем және полиция телефон номерін біледі.
Балалар хормен 103 және 102 деп жауап береді.
Бала: Босқа өтті ме уақытың?
Не білесің? Не үйрендің?
Не ұмыттың? Естеріңе түсір сен?
Көрсетеміз сендерге
«Алданған қоян» ойын –сауығын
(Штор ашылып сахна көрінісі басталады)
Жүргізуші: Күз мезгілі, күн суыта бастады. Орман іші ызғар соғып тұр. Үйдің іші жап-жарық. Қоян ана ерте тұрып пешті жағып, үйді жылытты. (Көжегін оятып дәріханаға кетіп бара жатқанын айтты).
Қоян ана: Көжегім, көжегім тұра ғой, мен үйге от жағып қойдым, тамағыңды іше ғой. Мен дәріханаға барып келемін – деп оятады.
Көжек: Ұйқылы ояулы көжек анасының көңілін қимай орнынан тұрады.
Қоян ана: Жүр көсетейін – деп пештің жанына көжегімен келеді. Міне көрдіңбе пеш ыстық. Жанына жолама, пештің аузын ашушы болма.
Көжек: Жарайды анашым, менің ұйқым қанған жоқ, жата тұрайын – деп төсекке жатып қалады.
Қоян ана: Көжегім есікті мен келгенше ешкімге ашпа – деп кетіп қалады.
Көжек: Ұйқысы қанған көжек орнынан тұрып шай ішкісі келеді. Жүгіріп сіріңкені алып шай қоймақ болып анасының айтқаны есінен түседі. Жоқ, жоқ сіріңке ұстауға болмайды. Ол қауыпті өрт болуы мүмкін.
Е, анам дайындаған сүтті ішейін деп суып қалған сүтті ішеді.
Суық сүт ішкен көжек дірілдеп, пештің алдына жылынып отырмақ болады. (сол кезде пештен дауыс шығады)
От: Көжек, а көжек, ішің пысып отыр ма? Әлде мені байқамай отырсың ба?
Көжек: аң таң болып жан-жағына қарайды.
От: Пештің аузын аш, екеуіміз бірге ойнайық. Көңілімізді бір көтеріп алайық.
Көжек: Жоқ, сен одан да пештің ішінде отыр. Саған сыртқа шығуға болмайды.
От: Қойшы, көжек бірге отырып әңгімелесеміз. Мен сені бұдан да қатты жылытамын.
Көжек: Жарайды, пештің аузын кішкене ашайын, маған да жылырақ болсын. (От пештен секіріп түсіп, көжекті алып соққанына мәз болады).
От: Ой, шіркін, бостандық қандай жақсы! (Менің ойным осы еді, деп үйдің әрбір жерін отпен шалып орманға барып қыдырып келейін деп сахнаның артына кетеді)
Көжек: Ай, алданып қалғанымай тезрек құтқарушы өрт сөндірушілерге қоңырау шалайын деп 101-ді теріп қоңырау шалады.
Өрт сөндірушілер кіріп қоянды құтқарады. Үйін өрттн өшіреді.
«Су» биі
Өрт сөндірушілер хормен:
Біз отты сумен бастық
Тез өртті өшірдік
(Сахна ашылып орман көрінісін көрсету) музыка өрт биі
Түлкі: Құтқарыңдар, құтқарыңдар 101-ге қоңырау шалыңдар.
Аю: Өрт шықты, орман өртенді.
Кірпі: Тез келіңдер мұнда, аңдарды құтқарыңдар.
Оны естіген өрт сөндірушілер тағыда су бүркеді.
«От пен судың арпалысқан» биі
Өрт сөндірушілер: Орманды да құтқардық, аідарды да құтқардық, көжек анасымен достарынан кешірім сұрайды.
Өрт сөндірушілер: Досым, бізді тыңда, отпен ойнау қауіпті. Өзің де далада от жақпа, басқаға да жаққыз ба.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки мероприятии | Добавил: Тоты | Теги: ойын іс-шарасын сахналау отпен ойна, алданған қоян
Просмотров: 525 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0