Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Дошкольное образование - Разработки мероприятии


Главная » Предметы » Дошкольное образование » Разработки мероприятии


Разработка мероприятия «Ғажайып математика» (волшебная математика), дошкольное образование

Разработка мероприятия «Ғажайып математика» (волшебная математика), дошкольное образование.

Автор: Ешіметова Бибісара Шаншарханқызы, методист КГУ мини-центра «Средняя школа им.Ш.Уалиханова» г. Каратау.

Балабақшаға арналған ашық оқу іс-әрекеті.

Білім саласы: «Таным», «Қатынас»
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты:
1) Балалардың «5» көлемінде сандық есептеу дағдысын қалыптастыру, сандарды тура және кері санауға дидактикалық ойын арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.
2) Балаларды білімге деген құштарлығын арттырып, тапқырлыққа, іздемпаздылыққа тәрбиелеу.
3) Балалардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Ғажайып қалта.
Көрнекілігі: музыкалық үнтаспа, геометриялық пішіндер, ертегі кейіпкерлері, сандар.

Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане сәлемдесейік.
Психожаттығу Арайлы таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар! Балалар өлеңнің сөздерін айтып қимылын жасады.
Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті

Д/о: «Ғажайып қалта» - Енді орнымызға отырамыз.
- Балалар ненің иісі шығып тұр?
- Мен сендерге жұмбақ жасырайыншы, мүмкін жауабын сосын табарсыңдар.
Тәрбиеші:
Тегіс домалақ, сырты қызарыңқырақ әдемі болып піскен, терезе алдына суытып қойған. Бұл қай ертегі кейіпкері?
Бауырсақ:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен қайда домалап келдім?
Тәрбиеші:
- Балалар, бізге кім келді?
Осы кезде қоян кіріп келеді.
Қоян:
- Сәлеметпе! Бауырсақ мен сені әрі қарай жібермеймін!
Бауырсақ:
- Қоян мені жіберші.
Қоян:
- Жарайды, егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін. Ал егер орындамасаң жеп қоямын.
1.Тапсырма.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау екі тілде

2.Тапсырма
- 4 қоян мектептен келе жатыр, күтпеген жерден оларға аралар шабуыл жасайды, 2 қоян қашып әрең құтылады. Қанша қоян қаша алмай қалды?
Тәрбиеші:
- Балалар, оны қайдан білдіңдер? Жарайсыңдар, қоянның тапсырмасын орындадыңдар.
Қоян саған балалардың жауабы ұнады ма?
Қоян:
Ия, тапсырмаларды дұрыс орындап шықты. Өте жақсы.

Қоян кетеді.
Қасқыр:
- Сәлеметпе, Бауырсақ, сен менің тапсырмамды орындауың керек. Әйтпесе сені жеп қоямын.
Тәрбиеші:
- Балалар, Бауырсаққа көмектесеміз бе?
2 тапсырма:
1) Талда 3 құс отыр. Оған тағы 2 құс келіп қосылды. Талда қанша құс отыр?
2) Қолымда 1 алма, тәрелкеде 4 алма. Барлығын қосқанда неше алма болды?
Қасқыр кетеді.
Осы кезде Аю кіріп келеді.
Аю:
- Бауырсақ мен сені жеймін.
Тәрбиеші:
- Жоқ Аю сен Бауырсақты жеме, шаршаған боларсың. Одан қайта біздің балалармен бірге бойыңды сергітіп ал.

Әуен ойналады.
Аю:
- Балалар орманда келе жатып мына «Ғажайып қалтаны» тауып алдым. Бұл қалтаның ішінде не бар екенін білмеймін. Қане маған көмектесіңдер, не бар екенін көрейік.

Тәрбиеші:
- Аю біздің балалар тек пішіндерді ажыратып қоймай пішіндер туралы тақпақтар біледі.

Пішіндерді үйрендім,
Қабырғасы тік сайлы.
Үшбұрыш боп үйлердің
Шатырына ұқсайды.

Бөліп ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышқа ұқсайды
Үстелдердің бетіне.

Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Кім алманы табады?
Сол ойынға шығады.
Сонымен Аю кетеді. Топқа түлкі кіріп келеді.
Түлкі:
- Сәлем, Бауырсақ! мен сені іздеп жүрсем сен осында екенсің ғой! Мен жеймін!
Тәрбиеші:
- Жоқ Түлкі, біз саған Бауырсақты жегізбейміз.
Түлкі:
- Онда менің шарттарымды орындаңдар. Менің қолымдағы қағаз қиындыларынан әртүрлі заттарды құрастырыңдар.
Түлкі:
- Ой қандай ақылды балалар! Жарайды, Бауырсақты өздеріңе қалдырайын. Сау болыңдар!

Балалар таң қалып иісін сезеді.

Бұл «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкері

Біздің балабақшаға келдің.

Бауырсақ

Балалар 1-ден 5-ке дейін тура және кері санайды. Екі тілде.

2 қоян қаша алмай қалды

Өйткені суретте екі қоян қалды

Ия, көмектесеміз.

Талда 5 құс отыр.

Барлығы 5 алма.

Балалар аюмен бірге сергіту сәтін жасайды.

Балалар сипау арқылы қалтада қандай пішіндер бар екенін табады.
Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, сопақша.

Балалар пішіндерден үйді, шыршаны, аққаланы құрастырып, тақтайшаға жабыстырды.
Рефлекциялық түзету - Балалар, сендер бүгін оқу іс-әрекетіне жақсы дайындалып келіпсіңдер. Қане айта қойыңдаршы, бізге бүгін қонаққа кімдер келді? Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
- Олай болса сендердің көңіл күйлеріңді көтеретін көңілді бауырсақтарды сыйға беремін. Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.

Ия.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: 5 санының көлеміндегі сандық есептеу.
Түсінді: Қызығушылық пен оқу іс-әрекетін түсінді.
Жасады: 5 саны көлемінде тура және кері санады, геометриялық пішіндерден шыршаның, аққаланың, үйдің пішіндерін тақтайшаға жапсыра алды.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки мероприятии | Добавил: Сара | Теги: дошкольное образование, Ғажайып математика, Разработка мероприятия, волшебная математика
Просмотров: 176 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0