Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Завучу и директору - Выступления


Главная » Предметы » Завучу и директору » Выступления


Выступление «Заманауи әлемдегі ұстаз», Завучу и директору

Выступление «Заманауи әлемдегі ұстаз», Завучу и директору.

Автор: Дузенова Жансая Ораловна, учитель начальных классов КГУ «Основная школа №44» г. Караганда.

Мұғалім мамандығының маңызы, қажеттілігі.

Заманауи әлемдегі педагог.
Ұстаздың аяқ басқанының өзі "оқы, оқы" деп дыбыс бергендей депті бір дана, сол айтпақшы ұстаз алдын көрмеген, оның "оқы, оқы" деген сөзін естімеген адам жоқ. Жанамын дегенге от, шабамын дегенге ат беретін ұстаз.Мұғалім күннің нұры іспетті. "Мұғалімі жоқ ауылда күн шығып, таң атпайды" деген қанатты сөз бар. Білім ұстаздан дариды. Білімді елдің ертеңі де, бұлтсыз күндей ашық болады. Ал осы саланың сала-ғұла бұйдасы, әлбетте білікті мұғалімнің қолында. Әліпті таяқ деп білмейтін, жасымызда сіз бен біздің сауатымызды ашып, санамызға сәуле жүгірткен ұстаздар қауымының еңбегі ерен. Бүгін де игі жақсы атанып жүрген министр, депутат, жазушы, әнші, спротшы бәрін үлкен өмірге дайындайтын ұстаз.Бір әріп үйреткенге, қырық жыл сәлем дегенді қалайша ұмытамыз.
Менің мамандығым – бастауыш сынып мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Анам мен әпкеме қарап қатты қызығатынмын. Қалай қызық, өзгені оқытамын деп өзіңде оқып аласың, білмегеніңді біліп аласың. Мен бастауыш сыныпта оқып жүргенде, анам әр күн сайын, кешке сахнаға шығатын адамдай киімін киіп, айна алдына тұрып ертеңгі сабақты қалай бастайтынын оқып дайындалатын. Осының бәрі мен үшін қол жетпейтін арман сияқты еді. Сол сәттер қазір менің көз алдымнан кино лентасы сияқты өтіп жатыр, керемет сәттер. Мен үшін мамандықтың төресі ол- ұстаз. Бала кезімізде талай көрген "Менің атым Қожа" фильмінде Оспанов ағай айтпақшы :" Оқушы деген бәрін ішіне сыйғыза беретін жан. Ол-шамшырақ тек жаға білу керек" дейді. Есті адам әрқашан ұстазын үлгі тұтады.
Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Бастауыш сынып мұғалімін балалар бағбаны десек те болады. Алты жасар балаларға білім іргетасын қалайтын, алғашқы ұстаздың үлесі ұшан теңіз емес пе? Алдыма келген ақ парақтай таза, бал-бұл жанған балғын бүлдіршіндер, алғашқыда мектепті жатырқанған ерке тотай балаларды баурап , жаныма жақын тартамын. Оқушыларға білімді талмай, ізденіп түсіндіруге тырысамын. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесемін. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты сайыстарға қатысып, жеңімпаз немесе жүлделі орындарға ие болып жатса, өз жұмысыңның рахатына бөленіп, марқайып, жұмысыңның нәтижесін көресің. Заманауи ұстаз – өмірді жақсы жаққа өзгертуге талпыну, оқушыларға сену, жаңа идеялар үшін көп еңбектену, өз қатесін мойындаудан қорықпау керек. Өз ісінің шебері деп XXI ғасыр ұстазын айтуға болады. Заманауи ұстаз – зерттеуші, оқушылардың ғылыми жетекшісі. Оқушыларға үйрете отырып өзі де үйренеді. Ұстаз заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсіну керек деп ойлаймын. Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс.Бүгінгі таңда бізге, мұғалімдерге, ең қажетті нәрсе – заман талабына сай лайықты жаңа адамды қалыптастыру, тәрбиелеп өсіру. Заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай, біз алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге адамгершілік пен өз елін сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы қасиеттерді үйрете білуіміз қажет. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Выступления | Добавил: жан | Теги: заманауи әлемдегі ұстаз, выступление, Завучу и директору
Просмотров: 430 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0