Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Иностранные языки - Дидактические материалы


Главная » Предметы » Иностранные языки » Дидактические материалы


Дидактические материалы «Дидактика», английский язык

Дидактические материалы «Дидактика», английский язык.

Автор: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мекебекова Анар Турсунжановна, Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,Білімділік бар биікке шығар сатыЕң алғаш басталады осы адамнан.Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты…..Үш тұғырлы тіл» мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін.« Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайық.Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жастарды азаматтық пен елжандылыққа , өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттері жөнінде нақты айтылған. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктері болады. Адамның ойын жарыққашығаратын – тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.
Ал 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», – деді.
Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кіруге тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қаты
настарды қалыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің ролін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңг
еруде де үлкен рөл атқарады. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда білім
саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде де қолданылады. Неміс, француз, қытай, корей, парсы, араб, т.б. тілдері негізінен пән ретінде қолданылады. Қазақстан Республикасының дамуындағы экономикалық, әлеуметтік саяси өзгерістер мектеп алдына жаңа міндеттер жүктеуде.
Қазіргі мектеп дәстүрлі білім беру қызметін атқарумен шектелмейді, оның қызметі кеңейіп отыр. Атап айтқанда, мектепте жеке тұлғаны рухани қалыптастыруға, жоғары басымдылық берілді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл » біздің пәнімізде жүзеге асырылады. Қазақ мектебінің балалары білімді ана тілі – мемлекеттік тілде алса, сонымен қатар орыс, ағылшын, неміс тілдерін де сол деңгейде меңгеруде. Қазіргі таңда шет тілдерін меңгеру өзекті мәселе, өйткені Қазақстанда әр түрлі шетел фирмалары тілді жетік меңгерген мамандарға зәру екендігі анықталған. Осы тұрғыда біз алдымызға мақсат қойып, оқып отырған шет тілін тек оқулықпен оқытуға шектелмей, қазіргі жаңа оқыту технологияларының негізінде интерактивті
әдістер арқылы жүзеге асыру қажет. Ел мен ел, халық пен халық жиі араласып, халықаралық қатынастар ерекше көтеріліп жатқан қазіргі таңда дүние жүзінің әлеуметтік мәдени талап тілегіне орай бірнеше тілді қатысымдық құзыреттілікті дамыту күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Адамдар ең бірінші бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды дейтін болсақ, сол тіл арқылы түрлі мәдениеттер арасындағы тілдесу диалогпен өркендейді.Тіл-әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен астасатын күрделі қарым-қатынас құралы. Қазіргі заманғы инновациялық тех
нология бүгінгі күні еліміздегі орта мектепте білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ » – деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұнғиығына терең үңілуіне шақырды. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып
өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», – деді . Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз ! » атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін мектептерде
Ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына еңгізіледі. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және оны ана тілі ретінде меңгереді.
Қазіргі заманда ағылшын тілі « 21 ғасырдың », халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі-бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологисының кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 млрд. арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады және көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Оның ішінде: БҰҰ, ЮНЕСКО,Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы және т.б.
Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбейуде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға кездескен кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына қарай өзгеріп отырады.
Бұрын шетел тілінен білім беруге баса көңіл бөлінбесе, қазіргі кезде алған білімін өмірде іс жүзінде қолдана алу, пайдалануға қажетті білік пен дағдыларсыз білім алып, білу ғана жеткіліксіз екендігіне баса назар аударылуда. Жеке тұлғаның мәнді іс-әрекеті процесін ескере отырып білім беру көзделуде.
Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
«Тіліміздің үштұғыры» мәдени жобасын жүзеге асыру аясында академик С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық-методологиялық негіздерін еңгізді .
Қазіргі кезде шет тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады. Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі
ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді: үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану, заманауи интерактивтік және иновациялық технологияларды қолдану, үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету, оқушының тілдік қабілетін толық ашу, сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу, танымдық қызығушылы
ғын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі қосымша материалдарды қолдануға үш тілде бірдей қолдануға болады. Тақырып бойынша тақпақтар, шағын қойлымдар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар және ребустар қолдануға болады. мұндай қосымша материалдар сабақты жандандырады, өткен тақырыпты жақсы қабылдап, түсінуге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізеді, оқушылардың тідік қорын дамытып, толықтырады. оқушылар сабақта белсенділік көрсетіп, сабақтың қызықты өтуіне атсалысады. Елбасының жолдауында көрсетілгендей, адыңғы елу мемлекеттің қатарына кіру және бірнеше шет тілін білу, үйрену, сондай-ақ компьютерді жетік меңгеру ХХІ ғасыр жастарының негізгі мақсаты болмақ.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Еліміздегі жүріп жатқан өзгерістердің мәнін пайымдау бірінен бұрын жастарды тәрбиелеп отырған ұстаздарға жүктейді. Ел басмыздың жолдауында көреткендей кәзіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Сондықтан да жиырма бі
рінші ғасырда ағылшын тілін үйрететін ұстаздарға қойылатын талаптар ауқымы үлкен. Ағылшын тілін меңгерудегі ана тілінің рөлі туралы академик Л.В.Щерба, М.В.Ляховский, атақты педагог К.Д.Ушинский өз еңбектерінде кеңінен тоқталған. Жалпы теориялық негіздері бір-біріне ұқсас Л. В. Щерба «Ана тілін шетел тілі сабағынан аластатуға болады. Ал мектеп жағдайында оқушылардың санасынан аластату мүмкін емес» деп жазады. Қоғамдағы соңғы кезеңде болып жатқан өзгерістер ағылшын тілін оқып үйренуге мәжбүрлік ахуалын туғызып отырғаны бәрімізге белгілі. Интерактивті әдіс-тәсіл арқылы шетел тілінде компьютер арқылы әлемдік ақпараттар кеңестігіне шығу, әлемдегі озық технологияларды жаңалықтарды меңгеру, өмір ағымына ілесу. Білім алушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін, келістіре баяндау білуіне дағдыландыру. Кітаптарды өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдыларын қалыптастыру және ғасырлар бойы жаңа рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру және егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін шетел тілі ар
қылы таныту. Тіл арқылы өзге елдің мәдениетін, тарихын білуге болады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясын ұсынған болатын. Онда осы міндеттерді шешуге жәрдемдесетін дамытудың жеті басым бағыты анықталған. Елбасы: «Бұл шешуші басымдықтардың бірі- осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады» деп нақты көрсеткен.
Қорыта айтқанда: «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » – деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Дидактические материалы | Добавил: Mekebekova | Теги: дидактика, Английский язык, Дидактические материалы
Просмотров: 430 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0