Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Обществознание, право - Разработки уроков


Главная » Предметы » Обществознание, право » Разработки уроков


Разработка урока «Құқық түсінігі», Основы теории государства и права

Разработка урока «Құқық түсінігі», Основы теории государства и права.

Автор: Курмет Серикулы, преподаватель правовых дисциплин, Семейский многопрофильный колледж, Казахстан

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі

«Мемлекет және құқық теория негіздері» пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі
ҚТ-21 тобы

Тақырыбы: «Құқық түсінігі және негізі»



Оқытушысы: Серікұлы Қ

Семей, 2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Құқық түсінігі және негізі.
Мақсаты:
Білімділік: студенттердің мемлекет функциялары бойынша білімдерін тексеру; «құқық» түсінігі, түрлері және мәні туралы анықтама беру, қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын түсіндіру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, ауысша сөйлеу мәнерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: студенттерді жауапкершілікке, заңдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: мұғалімнің түсіндіруі, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыстар: тарих, философия, конституция»
Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, нормативтік құқықтық актілер, ҚР Қылмыстық кодекс, тірек-сызбалар, слайд-шоу, есептер, бейнематериалдар.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 2008ж
2. Баянов А. «Мемлекет және құқық теориясы».

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
1) аудитория мен оқушыларды оқу – тәжірибе жұмысына дайындау;
2) сабақтың тақырыбын таныстырып, мақсатын қою;
II. Үй тапсырмасын сұрау 15 мин
1. Жеке сұрау.
2. Заңды терминдер (терминді жалғастыр).
ІІI. Жаңа сабақты түсіндіру 27 мин
Дәріс
ІV. Сабақты бекіту 27 мин
- Бейнематериалды қарап талқылау
- Ситуациялық есеп шешу
- Сөйлемді аяқта (жеке жұмыс)
- Жорамал диктант: «Фемида»
V. Қорытынды кезең:
1. Бағалау 5 мин
2.Үйге тапсырма беру 3 мин

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Ұйымдастыру кезеңінде қоңырау соғылысымен дәрісханаға кіріп оқушылармен сәлемдесіп аламын. Жоқ оқушыларды түгендеп журналға толтырамын. Сабаққа дайын екендерін тексеріп, сабақты бастаймын.

II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жеке сұрау.
2. Заңды терминдер (терминді жалғастыр).

ФИО
№ Жауаптары « + - » Бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Патриархалды теория (Р.Фалмер, Н.Михайловский және басқалары) мемлекетті кіші отбасылардың ерікті түрде бір отандық биліктің қоластына бірігуі ретінде қарастырады.
Теологиялық концепция (Ф.Аквинский, Маритен, А.Августин, Мерсье және басқалары) мемлекетті құдайдың әмірімен пайда болған құрылым деп көрсетеді.
Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Б.Спиноза, Дж.Локк, Ж-Ж. Руссо және басқалары) мемлекетті қоғамдық өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында билеушілер мен бағынушылар, жалпы адамдар арасындағы өзара ерікті келісім негізінде пайда болады деп тұжырымдайды.
Күштеу теориясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский, Ф.Оппенгеймер және басқалары) бойынша мемлекет ішкі және сыртқы күштердің, жаулаушылықтың нәтижесі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және басқалары) мемлекеттің пайда болу себептерін әлеуметтік экономикалық факторлармен (еңбектің бөлінісі, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т.б.) түсіндіреді.
Психологиялық теория (Л.Петражицкий, Г.Тард, З.Фрейд және басқалары) мемлекеттің шығуын адамның психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Органикалық теория (Г.Спенсер, Прейс және басқалары) бойынша мемлекет биологиялық организм іспеттес эволюция процесін бастан кешіреді.
Теологиялық теория - мемлекет пен кұқық Алланың әмірімен
қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жок, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік үғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құкық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Дәріс жоспары:
1. Құқықтың дамуы, түсінігі.
2. Құқықтық норманың элементтері
3. Құқықтық бұзушылықтың құрамы
4. Заңды жауапкершілік

1. Құқықтың дамуы-адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.
ҚҰҚЫҚ-мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.
Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады:
• біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
• екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негiзгi функциялары:
• Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
• Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Құқықтық норма-құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида.
2. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
• Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).
• Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
• Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.
Құықықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:
1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.
2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі – мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.
3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
5. Нормативтік-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.
Құқықтық қатынастар-құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек:
1) құқық нормасы;
2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер;
3) заңға негiзделген айғақ болуы керек.
Құқықтық қатынастардың белгілері:
бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;
г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:
• субъект
• объект
• субьективтiк құқық
• заңды мiндеттер
Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.
3. Құқық бұзушылықтың құрамы:
1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.
3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық.
4.Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в)
әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

3. Заңды жауапкершілік
бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

ІV. Сабақты бекіту
Бейне материалды қарап талқылау: Құқық бұзушылықтың құрамын анықтау.
1. Келінді алып қашу операциясы
2. Операция Ы

Ситуациялық есептегі құқық бұзушылықың құрамын табу.
Алметова және Гульмутдинова «Маяк» мейрамханасында болған.
Мейрамхана жабылғалы жатқан кезде Ахунова пальтосын алуға кезекке тұрады. Осы кезде Галиева оған жетон беріп оның пальтосын ала салуын сұрайды. Жетонды алған соң, Алметова Гульмутдиноваға береді, онымен бірге Галиеваның пальтосын ұрлауын алдын ала келіседі. Галиеваның пальтосы және қалпағын ала салысымен Гульмутдинова мен Ахметова такси ұстап, жасырынады.
Қылмыстың құрамын анықтаңыз?

Түнгі уақытта ГАЗ-53 автокөлігімен Кенжетаев пен Желбаев Қамысбаевтың фермасына келіп мал ұрламақшы болады. Сиырлар жататын қашарға жақындап, солардың біреуін айдап әкетіп көлікке тиеп алды. Осы кезде қылмыс жасалып жатқан орынға Қамысбаев жүгіріп келіп мылтықтан атқан. Қылмыскерлер сиыр мен көлікті тастап, қашып кеткен, бірақ олар ұсталды.
Қылмыстың құрамын анықтаңыз?


Сөйлемді аяқта (жеке жұмыс)

(Диспозиция)......... қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.

(Гипотеза).......... диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек

(Санкция)........ құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

Жорамал диктант: «Фемида»

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жинтығын ........................... деп атаймыз.
Адам тәртібінің конвенционалды нормалары деп ....................... айтамыз. Құқықтың пайда болуы . ......................... пайда болуымен байланысты. Мемлекет тарапынан заңдандырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесін ................... деп атаймыз.
....................... – мемлекеттің негізгі заңы. Нормативтік құқықтық актілерге ...................... жатады.

Керекті сөздер: Конституция, мемлекет, құқық, заң, нормативтік актілер, әлеуметтік нормалар, мораль


VI. Қорытынды:

№ Бұрыннан білдім Бүгін үйрендім Білгім келеді


1. Оқушылардың білімін бағалау

2. Үйге тапсырма:
- «Құқықтың шығу тарихы»- туралы қысқаша баяндама
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 2008ж
2. Баянов А. «Мемлекет және құқық теориясы».
3. Сапарғалиев С. «Құқық негіздері»
- Құқық бұзушылыққа байланысты ситуациялық есептер құрастырып келу.



Оқытушы: Серікұлы Қ





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: sakenovkurmet | Теги: разработка урока, Құқық түсінігі, основы теории государства и права
Просмотров: 300 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0