Приветствую Вас Гость
Форма входа
Сертификат

Сертификат о публикации

Обществознание, право - Разработки уроков


Главная » Предметы » Обществознание, право » Разработки уроков


«Отбасы жарастығы», 5 сынып

«Отбасы жарастығы», 5 сынып.

Автор: Тауимбеткызы Жадыра.

Тақырып: «Отбасы жарастығы» Сынып: 5 Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шыдамдылық,сыйластық,қамқорлық,бауырмалдық Мұғалiм: Тәуімбетқызы Жадыра Сабақ мақсаты:Оқушыларға отбасы жарастығы туралы түсініктерін кеңейте отырып ,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу; Міндеттері: 1.Отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік беру; 2.Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту; 3.Шыдамдылыққа,сыйластыққа, қамқорлыққа,бауырмалдыққа тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Оқулық, дәптер, инт.тақта,қарындаштар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.Зейіндерін сабаққа аудару. ІІ.Тыныштық сәті.(Жағымды күйге ену) Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашуда. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. • Балалар қандай әсерде болдыңдар? III.Үй тапсырмасын тексеру: Тақырыбы: «Отбасы татулығы» мәтінін оқып келу IV. Дәйексөз. «Отбасы-адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы» В.А.Сухомлинский Дәйексөзді хормен айтады. Сұрақтар:Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Осы дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар Мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылайды. V. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы Ғаламат Сегіз жасар Салли ауруханаға жатқызылған інісі Жорж үшін қатты уайымдайтын. Ата-ана қолдарынан келгеннің бәрін жасап, Жоржды тек қана қымбат операция құтқара алатынын түсінеді. Алайда, ондай қымбат операцияға ақшалары жоқ еді. Салли әкесінің үмітсіз дауыспен анасына: «Оны тек бір ғаламат қана құтқара алады» дегенін естіп қалады. Мұны құлағы шалған Салли тыныш қана өзінің бөлмесіне барып, жинақтауышқа салған ақшаларын шығарып санайды. Қателесіп қалмау үшін тиындарын бір емес, екі рет санап шығады. Бәрін қалтасына салып, үйден шығады да, тіп-тіке үйдің жанындағы дәріханаға барады. Дәрігердің көңілін өзіне аудару үшін сабырмен күтеді. Дәрігер бір кісіге дәрінің қалай қолдану керектігін түсіндіріп жатыр екен. Кішкентай баланың сұрақтарына жауап беріп тұратындай оның уақыты жоқ еді. Саллидың жалықпай күтіп тұрғанын көріп: «Иә, қызым, не алайын деп едің, айта бер. Тездет, мына кісімен сөйлесіп тұрғанымды көріп тұрсыңғой», - деп, қасындағы қымбат бағалы киімдер киген бір кісіні көрсетеді. Салли: «Інім қатты ауырып қалды, бір ғаламат алғым келеді», - деді. Дәрігер Саллиге қарап: «Түсінбедім», - дегенде: «Былайғой, әкем: «Оған тек қана бір ғаламат көмектесе алады» дегенеді, бір ғаламат қанша тұрады?», - деп түсіндірмек болады. Дәрігер бұл жолы Саллиге жаны ашып қамқорлықпен қарады: «Өте өкінішті, қызым, бірақ біз мұнда ғаламат сатпаймыз, саған көмектесе алмаймын», - деді. Салли де мақсатынан тез қайта салғысы келмейтіндерден еді. Дәрігердің көздеріне тура қарап: «Оны сатып алатын ақшам да бар. Тек қана бағасын айтсаңыз болды», - деді. Дәрігер мен Саллидің осы сұхбатын тыңдап тұрған адам Саллиге бұрылып: «Інің үшін қандай бір ғаламат керек, қызым?» деп сұрайды. «Білмеймін», - деді Салли. Сосын көздерінен тамшылап аққан көз жасын сүрте беріп: «Тек білгенім – інім ауруханада. Және анам оған операция жасалмаса, ауруханадан аман шыға алмайтынын айтады және олардың ондай операцияға ақшасы жоқ. Бірақ әкем: «Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады» дегенін естіп осында келдім», - дейді. Әлгі адамның: «Қанша ақшаң бар?» деген сұрағына: «Бір доллар мен он бір цент. Бар жинаған ақшам осы!», - деді Салли. «Бұл өте жақсы, өйткені ініңді құтқаруға керек болған ғаламатқа бұл ақшаң тура жетіп тұр», - деді жаңағы кісі. Сөйтіп бір қолымен ақшаны алды да, бірқолымен Саллидың қолынан ұстап: «Кішкентай ініңмен, ата-анаңмен танысқым келеді» деп, Салли тұрған үйге апаруын сұрайды. Жақсы киінген адам Карлтон Армстронг есімді дәрігер еді. Жорж үшін қажет операцияны жасай алатын атақты хирург. Операция сәтті өтті. Отбасы бұл операция үшін ешқандай төлем жасамады. Сол күні үйлеріне қайтып бара жатқанда, барлық нәрсенің қандай сәтті болғанына әлі де сене алмай қуанышы ішіне симай тұрған анасы: «Әлі де сене алмай тұрмын. Бұл операция бір ғаламат! Кім біледі қандай қымбат болғанын» деді. Салли күлімдеді. Бұл ғаламаттың қанша тұрғанын ол жақсы біледі. Тура бір доллар мен он бір цент!.. Қойылатын сұрақтары: 1.Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер? 2.Сендер отбастарыңда біреу аурып қалса не істер едіңдер? 3.Салии інісіне не үшін көмектескісі келді? 4.Бұл әңгімеден қандай сүйіспеншілік істерді көре алдыңдар ? VI. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Топпен жұмыс: 1-топ «Бақытты отбасы моделін» салу. Постер қорғау 2-топ Бала болып ата-анасын құрметтеу. Көрініс қояды. 3-топ «Отбасы жарастығы» тақырыбына сурет салу VII. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы «Мен қазақ баласымын» өлеңін оқып, талдап келу. 57 беттегі 12- сабақ «Отбасы жарастығы» тақырыбына коллаж құрастыру VIII. Сабақтың соңғы сәтi. Ән шырқау Жанұям (Қ.Нұртас) Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.





Мы будем благодарны если Вы поделитесь ссылкой


Загрузка материала будет доступна через 10 секунд ...
Категория: Разработки уроков | Добавил: Жадренти | Теги: разработка урока, 5 сынып, Отбасы жарастығы
Просмотров: 327 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Другие материалы по теме
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Партнер сайта

Банк Интернет-портфолио учителей
УчМаг

Наша кнопка
Поиск по сайту

Онлайн

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0